Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Тайқазанды тамашалаушылар бүгін де толастаған жоқ

Тайқазанды тамашалаушылар бүгін де толастаған жоқ

Алтайдан Атырауға дейінгі созылып жатқан қазақ жерінде қасиетті бір қала бар. Ол Тұранның әлемге ашылған қасиетті есігі, түбіміз бен тегіміздің алтын бесігі.
«Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой», деп жырға қосқанындай, күллі мұсылман жұртшылығы пір тұтып, қасиет санайтын бұл қаланың ұлылығы неде?
Ұлы Жібек жолының бойынан қоныс теуіп, бүкіл түркі еліне нұрын шашып тұрған мекеннің мерейін көтеріп, даңқын асқақтатып тұрған Ахмет Ясауидің адамзат баласына қалдырып кеткен асыл мұралары осы қасиетті жерде қанатын жайды.
Қожа Ахмет Ясауи осы жерде халыққа өзінің ілім-білімін таратты. Ол елді мұсылмандыққа, софылыққа ғана емес, имандылыққа, мейірімділікке, ізгілікке үндеді. Халықты бірлік пен өрлікке шақырды. Жалпы, түрік халықтарының тіліне, дініне және мәдениетіне баға жетпес үлес қосты.
Ахмет Яссауидің басына орнатылған алып ғимарат кейінгі ұрпақтың ұлы бабаға деген үлкен сүйіспеншілігі мен махаббатының символы.
Осы мовзолейге қойылған тарихи жәдігер – тайқазан туралы тоқталсақ, қазан Түркістанға 25 шақырым қашықтықтағы Қарнақ деген жерде құйылған. 1935 жылы Кеңестер Одағында өтетін халықаралық мәдени шараға байланысты рухани ескерткіш ретінде қазан Ленинград қаласындағы мемлекеттік Эрмитажға әкетілген болатын. Бұл жәдігер 1989 жылы жылы қазақ ғалымдарының араласуымен құтты қонысына қайта оралды.
Ленинградтағы Эрмитажда – әлемдік мәдениеттің бай мұралары жинақталған. Солардың қатарында Түркістандағы аса бағалы жәдігер бұл жерде 54 жыл бойы сақталып келді.
XIV ғасырда Әмір-Темірдің нұсқауымен жасалған алып қазан бүгінде бүкіл түркі жұрты тарихының теберігіндей болып, туған Отанында тұр.
Қожа Ахмет Ясауи мовзолейінің нақ Түркістанда тұрғызылуы жөнінде мынадай аңыз бар: Әмір-Темір жеті жасында далада келе жатып, түс көреді. Түсінде Ахмет Ясауи еніп: «Сен өскенде әлемді билейтін тұлға боласың» деп аян берген көрінеді. Осы түстегі көргені кейін ақиқатқа айналғаны шындық.
Бұл архитектуралық кешенді 1398 жылы Әмір-Темір Алтын Орда ханы Тоқтамысты жеңу құрметіне Яссыға салдыруды мұрат тұтқан. Одан кейінгі ғасырларда да Түркістанды Түркістан етіп тұрған осынау ғажайып ортағасырлық мәдениет мұрасы десек қателеспейміз.
Бұл мемориалды кешенді әлемнің сегізінші кереметі деп бағалауға болады. Қазірде ол ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған.
Тайқазанды Эрмитаждан елге қайтару туралы ой, шешім кімнің ойына келді?

ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында қалалық кеңестің атқару комитеті төрағасы Еркін Жорабеков СССР Мәдениет Министріне хат жолдап, меншікті мүлікті елге қайтару шараларына рұқсат етуді сұрайды. Кеңестік империяның қарамағындағы барлық ұлттарға өктемдік саясаты бұл өтінішті жауапсыз қалдырады. Ғалымның бұл туралы айтқанына мән берген ешкім болмаған. Сонда да ол райынан қайтпай, «Қазақтың рухани кемел туындысы өз жерінде тұруы керек» деген табанды талабынан танбайды. Бірде бұл кісіге жас ғалым жігіт диссертация тақырыбы бойынша Эрмитажда болғанында кездейсоқ телеграмманы көріп қалғаны жөнінде хабар береді. Жедел хаттағы тайқазанды уақытша алуға рұқсат сұраған мәтін мазмұны мәселенің мән-жайынан толық хабардар етеді. Осы құжатқа сүйенген жоғары орындар үлкен күш-жігер жұмсап қымбат жәдігерді туған жерге жеткізеді.

Мовзолейге кіре беріс үлкен залда орналасқан Тайқазанды тама­ша­лаушылар бүгін де толастаған жоқ. Тіпті осы тарихи шаңырақтың аса қымбат, аяулы ұстыны, адам­дардың жүрегіне аса ыстық бұл ескерткішке ерекше ынтызарлықпен көз салып өтетін көрермен халық міндетті түрде тайқазанға теңгесін салып, алақанымен қастерлеп бір сипап өтпесе өзін кінәлі санайтындай. Өйткені жалпы ұлттың ұғымында қазан деген қасиетті саналады. Ол тоқшылықтың, берекенің бастауы, бүкіл тіршілік-тынысымыздың тіні, тірегі. Ерте заманның өзінде әсем әшекейленіп, қабілет иелерінің бар қарым-қасиетін сарқа пайдаланып жасап шығарған асыл қазына адамдардың осындай құрметіне әлі де ие. Бұл құрмет ешқашан төмендемек емес.

Баян ҮСЕЙІНОВА
28 қыркүйек 2019 ж. 993 0