№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

БИІК БОЛМЫС

2018 жылдың 25 тамызында сағат 22.30 шамасында Сейілбек ағаның ғазиз жүрегі соғуын тоқтатты. Қайраткермен қалың қазақ қайғырып, қабырғасы қайысып, қимай қоштасты. Шіркін, уақыт-ай! Неткен жүйрік едің. Содан бері жыл айналыпты. Десе де уақыт қанша жылдам болса да, Сейілбек Шаухаманұлының адамдық қасиетін, ағалық қамқорлығын ұмытпайсыз.

Ағаның қызмет жолдарында елге жасаған өлшеусіз еңбегін ел ағалары айтып та, жазып та жүр. Менің қолыма қалам алғандағы мақсатым – ағайын-туыстың береке, бірлігіне сіңірген еңбегіне тоқталсам.
Сейілбек аға Шиелі аудандық партия комитетінің 1-ші хатшысы қызметіне тағайындалды. Ата-анам жаңа қызметімен құттықтауға барды. Мен де еріп бардым. Сонда алғаш рет көрдім. Одан кейін ол кісіні біздің шаңырақта және Назарбек ағаның үйінде көріп тұрдым. Ол өзі дастарханда сөз тізгінің алып, тәлімді әңгімесін айтқанын талай рет естідім.
Ағаның інісі Алғашбекпен жақын араластым. Алғашбек алғыр, талантты болатын. Одан көп үміт күтті. Бірақ Алғашбек қатты ауырып, Алматыдағы Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында емделді. Сейілбек аға бауырының қасынан табылып, жағдайын жасады. Алланың шарасына амалың бар ма? Алғашбектен айырылып қалдық.
Сонда Сейілбек ағанының жанарынан жас сырғығанын көрдім. Інісін жоқтап, жүректі елжіретті. Бауырын ауылға келіп жерлеп, жүрегі езілді, жабырқау тартты.
Сейілбек аға: «Қиын кезде менің қасымда болдың. Сенің орның мен үшін ерекше» деп мерейімді асырды. Сол кезден бастап кіндік баласындай араласа бастадым.
Асыл аға біздің шаңыраққа келгенде сөз тізгінін алып, тәлімді сөздерін айтатын. «Ағайын – ағайынның айнасы», «Ағайын жақсы болса санатың», «Ынтымақ болмай іс оңбас», «Бірлік пен пен елдік егіз» дейтін есті сөздерді жиі айтып, мән-мазмұнын түсіндіретін.
Ашыла сөйлеген сәтінде қазақтың арғы-бергі тарихын тарқата айтып, тарихи тұлғалардың тәлімін ақтаратын. Неткен білімділік, неткен зеректік десеңші! Бәрін көзімен көргендей суреттейтін.
Сейілбек ағаның бойындағы ең үлкен қасиеттің бірі амандыққа адалдық танытуында. Ағаның Жалағаш ауданында қызмет жасайтын кезі. Анасы Айнакүл: «Сейілжан, олай-бұлай болып кетсем сүйегімді Жаңақорғанға қоярсың!» дейді. Айтқанындай, ауылға келіп қойды. Айнакүл анамыздың аманат еткен жиен баласы Кәденді қайда жүрсе де өзімен алып жүріп, қамқорлығын аямады.
Сейілбек аға елмен бірге болғанды қалайтын. Ауылға келген сайын Зинабдин, Амангелді, Молдахмет, Наятулла ағалармен дастархан басында бас қосатын.
Бір жиында Серқожа Ыдырысовқа байланысты әдемі теңеу айтқаны есімде.
– Серқожа 20 жылдай 12 әкімге орынбасар болды. Бұл дегеніңіз 12 рет күйеуге шыққаннан да қиын. Ол әкімдердің барлығына өзінің адалдығымен сыйлы болды, – деген сөзшен ағамыз.
Медицина саласының ардагері Егенберді Әмитов ағамыз қайтыс болған қаралы жиында Сейілбек аға ерекше сөздерімен ұл-қыздарына, туыстарына жұбату сөздерін айтты. Осы сөздерді естіген Абдулла Шүленбаев ағамыз: «Осындай жақсы сөздерді естігеннен кейін ешнәрсеге алаңдамай кете беруге болады» деп еді.
2006 жылы әкем қайтыс болды. Ол кезде аға Астана қаласында еді. Сөйтіп жерлеуге қатыса алмады.
Бірнеше күннен кейін көңіл сұрап келді.
– Аға, сізді іздеп тұрдым, – дедім.
– Білем. Сондықтан ұшақтан түсе Жұпар апаңды алып, осында шықтық, – деді.
Аталы сөздерін айтып, бойға күш, санаға жігер беріп, демеу көрсетті.
Сейілбек Шаухаманұлының басты артықшылығы, адамның ішкі жан-дүниесін танитын, әрі құлазыған рухқа қуат беретін психолог секілді еді. Өмір болғандықтан қиындығы мен қызығы араласып, бірде жігерді құм етеді, бірде шаттандырады. Осындай қиын сәттерде ағаға телефон шаламын.
Сөздің құдіретін терең түсініп, сөздің сиқырын меңгерген шешенмен сөйлескеннен кейін жан-сарайым рахаттанып, өмірге құлшынысым артып, жұмысты өнімді жасай бастайтын едім. Осындай қасиетімен бірнеше буынға мотивация беріп, өмірден өз орнын табуға себепкер болды.
Ол кісімен 20 жылдан аса тығыз байланыста болдым. Осы жылдары Сейілбек аға туралы теріс пікір айтқан адамды естіп, көрген жоқпын. Себебі ешкімге дауыс көтеріп, ауыр сөз айтпайтын.
63 жасқа толғанында ағайын-туыс, дос-жаранның басын қосып, алқалы басқосу жасады. Сонда: «Мен тағдырыма өте риза адаммын. Алла тағала маған мен ойлағаннан да артық абырой берді, ризық-несібе берді. Енді менің аузымнан жаман сөз шықпасын, құлағым жаман сөзді естімесін, көзім жаман істі көрмесін» деген еді.
Жұбайы Жұпар апа, ұл-қыздары Нағима, Фатима, Шолпан, Ұлболсын, немерелері Әділет, Құдірет, Дінмұхаммет барда, қалың қазақ барда аға аты ұмытылмайды. Қайта уақыт өткен сайын адамдық, кісілік қасиеттерімен дараланып, болмыс-бітімі, қабілет-қасиетімен биіктеп, жастарға рухани дем бере береді.
Топырағыңыз торқа, жаныңыз жаннатта, иманыңыз саламат болсын, Сейілбек аға!

                                                                                                                                                 Сәкен ҮСЕЙНОВ,
                                                                                                                                Денсаулық сақтау ісінің үздігі
24 тамыз 2019 ж. 1 320 0