№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕҢБЕК ЕЛЕНУІМЕН МӘНДІ

ЕҢБЕК ЕЛЕНУІМЕН МӘНДІ

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында қарымды қалам иесі Пахмадин Айнақожаев Қоғамдық марапаттар жөніндегі республикалық кеңестің шешімімен баспасөзге сіңірген еңбегі үшін «Қазақ журналистикасының қайраткері» медалімен марапатталды.
Расында әріптес ағамыздың баспасөз саласына сіңірген еңбегі зор. Ең алғаш еңбек жолын аудандық баспаханада әріп теруші болып бастайды. Мұнан кейін аудандық «Коммунизм жолы» газетінде корректор, газеттің еңбекші хаттар және ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, бас редак­тордың орынбасары, аудандық баспахананың директоры қызметін жауапкершілікпен атқарған ол оқырманға шынайы насихатшы ретінде танылды. Газет өндірісіне өзіндік қолтаңбасын қалдырып, жас буынға ағалық ақылын аямады.
Пахмадин ағаның ұйымдас­тырушылық қабілетін бағалаған басшылық тарап аудандық партия комитетінің нұсқаушысы қызметіне шақырады. Өзіндік басқарушылық қабілетін көрсете білген қаламгер ағамыз одан әрі аудандық ДОСААФ комитетінің директоры, аудан әкімі аппаратының ұлт саясаты жөніндегі комитет төрағасы, ішкі саясат бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппараты ішкі саясат және бақылау бөлімдерінің бас маманы, баспасөз хатшысы қызметін абыройлы атқарып 2015 жылы құрметті зейнеткерлік демалысына шықты.
Пахмадин аға іс басынан кетсе де, әлі күнге ауданның қоғамдық-саяси өмірінен тыс қалған емес. Қашанда алдыңғы буын аға ретінде қоғамдық ұйымдар қатарында жұмыс жасауда. Бүгінгі таңда ел ағасы аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, аудан әкімі аппараты бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы. Заманауи технологияны жақсы меңгерген қаламгер ағамыз бос уақытында қаламын серік етіп, есті естеліктер жазуды әдетке айналдырған. Оған қоса бірнеше кітаптың редакторы.
Баспасөз саласындағы қажырлы еңбегі үшін Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің баспасөз жөніндегі Мемлекеттік комитеті мен Мәдениет қызметкерлері кәсіподағының респуб­ликалық комитетінің грамотасы, «Құрмет грамотасын», облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың 2 мәрте «Құрмет грамотасы», облыс әкімінің бірнеше «Алғыс хатымен», Қазақстан Журналистер одағының дипломымен, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің журналистика сала­сының «Еңбек ардагері» медаліне лайықты деп танылған.
Енді міне осындай мерейлі марапаттар қатарына «Қазақ журналистикасының қайраткері» медалі қосылғанына «Жаңақорған тынысы» ұжымы қуанышты.

Ерлан РАЙЫМБЕК
29 маусым 2019 ж. 1 269 0