№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ

   Кең байтақ қазақ жерінің қақ ортасында шаңырақ көтерген, көктемде қырға біткен қызғалдақтай құлпырып бой түзеген әсем де еңселі Елорда – Қазақстанның, оны мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың мақтанышы. Сәулеті мен дәулеті дүниежүзінің назарын аударып, қазақ халқының құдіреттілігін көрсетіп тұрған, дүниежүзіне зиялылық нұрын төгетін тоғыз жолдың торабындағы Еуразияның сәулетті ордасы – ұлы даланың Елорда күніне орай «Ордакент» үйінде салтанатты мерекелік шара өтті.

Мерекелік шараның шымылдығын түрген аудан әкімінің орынбасары Адай Салыбеков жиылған көпшілікті Елорда күнімен құттықтады.
– Бұл күнде әлем саясаткерлері Елбасының парасаттылығы мен көрегенділігін мойындады. Кеңес өкіметі тарқаған жылдардағы қиын-қыстау шақта ел еңсесін тіктеген, мемлекет шекарасының шегенделуі және әсем қала елорданың кірпішін қалап, әлем таныған Астанаға айналдырды. 21 жыл ішінде жас қала Астана мойындалған халықаралық орталықтардың, Еуразиядағы әдемі, әрі дамыған қалалардың біріне айналды.
Бір сөзбен айтқанда, бұрынғы Астана, бүгінгі Нұр-Сұлтан Елбасының төл туындысы. Бүгінде еліміздің барлық өңірі осы Елордаға қарап бой түзейді. Тұңғыш Президент сөзімен айтқанда: «Сыр – Алаштың анасы» атанды. Мемлекет қамқорлығын сезінген Сыр елі оның ішінде Жаңақорған серпінді даму жолына түсті, – деді Адай Елеусізұлы.
Мұнан кейін мерекелік шара марапаттау рәсіміне ұласып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бір топ қызметкерлер құрмет биігінен көрінді. Олардың қатарында; Аққорған ауылдық округі әкімі С.Садықов Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойлық медалі, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қ.Бүркітбаев облыс әкімінің «Алғыс хаты», ауданаралық аурухананың дәрігері Р.Жүнісов «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының «Грамотасымен» марапатталды. Оған қоса, Елорда Нұр – Сұлтан қаласының 21 жылдық мерекесіне орай аудан әкімінің «Алғыс хатына» аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының көмекшісі Е.Әуезханұлы, Шалқия кентінің кітапхана меңгерушісі Болған Қойшыбайқызы, аудандық полиция бөлімінің аға лейтенанты А.Батырбекұлы лайықты деп танылды.
Салтанатты шара соңы аудан мәдениет үйі өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты. Әншілер «Астана» жайлы әндерін шырқаса, бишілер мың бұрала би билеп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ерлан РАЙЫМБЕК

07 шілде 2019 ж. 747 0