№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » САЛА ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТ БИІГІНДЕ

САЛА ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТ БИІГІНДЕ


Қазақ ұлтының ұлы тұғыры, Алаш жұртының асқақ айбары – ару Астанаға 20 жыл. Осынау айтулы мерекені дүбірлі думанмен жалғаған жаңақорғандықтар ерекше нақышпен өткізді. Жүрекке жалын сыйлаған М. Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйіндегі мәдени шараға халық көптеп жиналды. Салтанатты шараның шымылдығын түрген аудан әкімі Ғалым Әміреев, тұрғындарға тілегін жеткізді.
– Астана – айбынымызды асқақтатқан, әлемді өзіне қаратқан, халықаралық татуластық пен бейбітшілік ордасына айналды. Сындарлы сағаттарда бағы жанып, өзінің көш ілгері қала екенін аңғартты. Санаулы уақытта әлемнің үздік қалалар тізіміне еніп, саяси аренада шоқтығы биік екенін дәлелдеді. Оның бір айғағы, дүниежүзілік дін өкілдерінің қатысуымен өткен шаралар мысал бала алады. Жиырма жылдың ішінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген Елорда әр қазақтың мақтанышына айналды. Бас шаһар – Астананың 20 жылдық мерейтойы құтты болып, абыройы асқақтай беруіне тілекшіміз – деді аудан басшысы.
Мерейлі мереке аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосқан бір топ сала мамандары марапат биігінен көрінді. «Астанаға 20 жыл» мерекелік медалімен Сунақата ауылдық округінің қоғамдық кеңес төрағасы Есенгелді Фазылбекұлы, «Жебеуші» қо­ғамдық қорының төрағасы Нұридин Исмаилов, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Сәулебек Ысқақов, аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Ілиясов ие болды. Ал «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының «Алғыс хатымен» Екпінді ауылдық округінің әкімі Қайрат Тұрсынұлы, М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы Зульфия Құрманәліқызы, Қожамберді ауылдық округінің әкімі Молдах­мет Әбшеұлы м­арапат­талды. Сондай-ақ ау­­да­н әкі­мінің «Алғыс хатына» Жұма­гүл Әбжанқызы, Айша Дәрімбайқызы, Клар­а Тобыш­қызы, Жанболат Пернебайұлы, Афраил Шахмаметұлы, Ораз­ха­н Шалабайұлы, Жана­р Эрмаханқызы, Эльмира Пер­не­­ханқызы, Дінмұхаммед Ғалым­жанұлы, Дәулет Оразәліұлы лайықты деп танылды.
– Есілдің жағасында бой көтерген еңсесі биік Елорда көз алдымызда көркейіп келеді. Сән-салтанаты келіскен ғимараттар саны артуда. Жыл сайын жаңарып, күн сайын көркейіп келеді. Осыдан 20 жыл бұрынғы уақытпен салыстырсақ, шаһардың айшықты сәулетке толы ғимараттармен толыға түскенін аңғаруға болады. Мұның барлығы елімен етене Елбасының сындарлы саясатының жемісі, – дейді Сунақата ауылдық округінің қоғамдық кеңес төрағасы Есенгелді Фазылбекұлы.
Салтанатты шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының әзірлеген концертімен ұласты. Тағылым мен ұлттық нақышты әуенге көмкерілген кеште ел тағдыры, отансүйгіштік рух және Астана келбеті айқын көрініс тапты. «Астана махаббатым менің» әнін Құралай Әлиева мен Абылай Сұлтан дуэті көпшіліктің көңілінен шықты. Белгілі композитор Асқар Жайлаубаевтың «Астана» әнін саксафонмен орындаған Мұхтар Нұржігіт пен Айдарбек Молдабекке жиылғандардың қошеметі жоғары болды. «Құстар әніне» қойылған би композициясын «Думан» би ансамблі керемет үйлесіммен алып шықты. «Қазағым» әнін нақышына келтіре айтқан әншілер триосы көңіл қылын қозғады. «Астана» квартеті «Астана-әсем ән қала» әнін көкке әуелетті. Қалдарбек Қадірбек «Астана вальсін», «Дарын» триосы «Астана шақырады» әнін, әншілер тобы «Жайна Астана» әнін шырқады. Кешкілік орталық алаңда мерекелік отшашумен аяқталған мерейлі мереке жаңақорғандықтардың есінде көпке дейін сақталары сөзсіз.

Мақпал ОРАЗКЕЛДІ.
10 шілде 2018 ж. 1 072 0