№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СЫР ЕЛІНІҢ ЕҢСЕЛІ ЕЛОРДАҒА ТАРТУЫ

СЫР ЕЛІНІҢ ЕҢСЕЛІ ЕЛОРДАҒА ТАРТУЫ


Кеше Мемлекет басшысы «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Қызылорда облысы салған зымыран-ғарыш техникасы музейінің ашық экспозициясын аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті экспозиция аумағында Қызылорда облысының жұртшылық өкілдерімен әңгімелесті.
Елбасыға ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің мүмкіндіктері таныстырылды. Мемлекет басшысы ғылым мен жаңа технологияларды дамыту ісіндегі ғарыш өнеркәсібінің маңыздылығын атап өтті.
Иә, Есіл жағасындағы еңселі Елордаға қарап бой түзеген Сыр елінің ажары күн санап айшықталып келеді. Тарихы тереңге бойлай түскен Алаштың анасы қос ғасырдың куәсі. Қызылорда қаласына биыл – 200 жыл. Ал Арқа төсіндегі Астанаға – 20 жыл. Қос шаһардың да сәулеті мен дәулеті асып, көркейе түсті. Ұлт келбеті саналатын шырайлы шаһардың астаналық мәртебеге ие болғанына – 20 жыл толды. Бас қала бүгінге дейін көр тартар сәулетімен әлем жұртшылығын тамсандырып үлгерді. Осындай мерейлі мерейтой аясында Қызылорда облысы Астанаға ашық аспан астындағы ғарыш музейін тарту етті. Айрықша сыйдың сәулетін сипаттап, мүмкіндіктерін бағамдап көруді жөн көрдік.
Бас шаһардың ашық аспан астында «Союз», «Протон», «Зенит» зымыран тасығыштарры мен «Боран» орбитааралық кемесінің макетінен құралған зымыран-ғарыш техникасы музейі орналасқан. Құнды экспозиясының қаржысы да қомақты. Облыстық бюджет есебінен 1,5 млрд теңге қаралған. Сәулетті экспозиция Елорда төріндегі Тұран даңғылы бойында орналасқан «ҚазҒарышСапары» АҚ ұлттық ғарыш орталығы аумағында жайғасқан. Жалпы 1,4 гектар аумаққа салынып жатқан музей құрылысы – Астана тойына тамаша тарту болды. Өйткені, «Байқоңыр ғарыш айлағы – қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың мақтанышына айналған тарихи кешен. Алдағы уақытта бұл ғарыш музейі астаналықтар мен қала қонақтарының жиі келетін сүйікті мекеніне айналары сөзсіз.
Ең алғаш бұл бастаманы жыл басында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласының әкімінің халық алдында есеп беру кездесуінде айтқан болатын. Яғни, Елорданың 20 жылдығына қызылордалықтар ашық аспан астындағы музей тарту ететіндігін мәлімдеген еді. Иә, бүгінгі Бас орда – жаһандағы озық отыз елдің қатарына кіруді мақсат еткен Қазақ елімінің Мәңгілік елге айналуды көксеген ұлттың түп қазығы Астана тойы – барша қазақстандықтардың мерейлі күні. Оған қоса, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласы да 200 жылдық мерейтойын атап өткелі жатыр. Қос мерейтойдың қызылордалықтар үшін тарихи маңызы айрықша. Себебі, Астана тәуелсіз елдің елордасы болса, Қызылорда – 1925-1929 жылы еліміздің тұңғыш астанасы мәртебесін иеленіп, ұлтымызға ресми қазақ деген атауды алып берген тарихи шешімдер ордасы. Сәтін салса, арқа төсіндегі дүбірлі той Сыр еліндегі тарихи қаланың екі ғасырлық мерейтойын мерекелеуге ұласпақ.
Түйіндей айтқанда, бүгінгі Астана ТМД бойынша ең қолайлы ғажайып қалаға айналды. Мәңгілік елді жасампаздыққа жетелейтін, бірлік пен татулық болмысты паш еткен бейбітшіліктің мекені болды. Болашақтың да елдіктің де ерен ордасы Астанада асқақ армандар мен мақсат-мүдделер жүзеге асырыла бермек. Ұлы даланың кіндігі – Сарыарқа төсіндегі Елорданың абыройы жыл өткен сайын асқақтай берері сөзсіз. Көз тартар көркімен дәулетті де сәулетті бас шаһардың бағындырар белесі мен алар асуы әлі алда. Тәуелсіздіктің бойтұмарындай бас шаһар әрбір отандастың жүрегінде төрден орын алып, жер-жаһан жұрты алдында мәртебесі асқақтай берері айқын.

Әбдісамат ӘБДІШ.
03 шілде 2018 ж. 1 711 0