№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

ДАРА ТҰЛҒА

   Астана – бейбітшілік пен тұрақтылықтың, ынтымақтастық пен достықтың, әдемілік пен әсемдіктің қаласы. 20 жыл ішінде Елорда елдің еңсесін тіктеді, егемендіктің, елдіктің туын желбіретті. Әлем қызыға да, қызғана да қарайтын сұлу шаһарға айналды. Аз ғана уақыт ішінде бас қала осындай биік тұғырға қонды. Міне, осындай кемелді істердің көшбасшысы ретінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен. Ал, Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан етіп өзгертуі бұл тарихи шешім болды.

   Бұл күнде әлем саясаткерлері Елбасының парасаттылығы мен көрегенділігін мойындады. Кеңес өкіметі тарқаған жылдардағы қиын-қыстау шақта ел еңсесін ерте тіктеді. Мемлекет шекарасы шегенделді. Әсем қала елорданың кірпіші қаланып, әлем таныған Астанаға айналды. 20 жыл ішінде жас қала Астана мойындалған халықаралық орталықтардың, Еуразиядағы әдемі, әрі дамыған қалалардың біріне айналды. Қаншама ұлт басшылары, дін өкілдері бас қосқан достықтың мекені болды. Бір сөзбен айтқанда, Астана әлем елдері мойындаған халықаралық орталық деп танылды. Мұның бәрі Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси еркінің арқасы деп білемін.
   Осы тұста, елдегі ірі қалаларда орталық көшелер мен даңғылдарға, алаңдарға Тұңғыш Президенттің есімі беріліп жатыр. Тәуелсіздік жылдарында Қызылорда облысының өркендеуі, Арал мәселесі де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айрықша назарында болып, жемісті жұмыстар атқарылды. Тұңғыш Президент сөзімен айтқанда: «Сыр – Алаштың анасы» атанды. Мемлекет қамқорлығын сезінген Сыр елі серпінді даму жолына түсті.
  Егемен елдің Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз елге жасаған өлшеусіз еңбегін ұрпақ есінде, тарихта мәңгі қалдыру мақсатында Жаңақорған кентінің төріндегі Тәуелсіздік даңғылын Нұр-Сұлтан даңғылы деп қайта атау жөнінде кент ардагерлері атынан ұсынысымыз бар. Өйткені, Нұр-Сұлтан есімі мен Тәуелсіздік егіз, ажырамас ұғым. Оған қоса, кенттегі Нұр-Сұлтан даңғылы өскелең жас ұрпақтың көкірегінде патриоттық рух, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырары сөзсіз. Рухани жаңғыру дегеніміз осы болса керек.
Сондай-ақ аудан орталығындағы тәуелсіздік жылдары салынған алаңды Тәуелсіздік алаңы деп атау жөнінде ұсыныс енгізген жөн деп санаймын. Ұсынысымды көпшілік қолдайды деген сенімдемін. Бұл ұсынысым, 2018 жылдың – тамызындағы облыстық ономастика комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша жасалып отыр. Аталмыш №3 хаттаманың 5-тармағында облыстық ономастика комиссиясы Жаңақорған ауданы әкімдігіне Жаңақорған кентіндегі атауы жоқ көшеге (Санаторияға барар жол деп көрсетілген) Астана атауын беру ұсынылады деп көрсеткен.
  Сондықтан облыстық ономастика комиссиясы қорытындысын, халықтың пікірін ескере отырып ұсыныс қабылданады деген пікірдемін. Жалпы, ұсыныстың іске асуы халықтың ауызбіршілігінде және мәслихат депутаттары мен жауапты сала басшыларының ұйымдастыра білу іскерлігінде деп білемін.

Мырзажан ЖАКИПОВ, ардагер ұстаз.
14 мамыр 2019 ж. 1 393 0