№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ЖАҢАҚОРҒАННЫҢ ДЖЕЙСОНЫ

ЖАҢАҚОРҒАННЫҢ ДЖЕЙСОНЫ


Үлкен сахнада жүргеніне 15 жылдай болған талантты жастың бірі – Жасдаурен Сабырханов. Бала кезінен ән айтып, той-томалақта музыкалық аппаратурамен жұмыс жасап, өнер саласына ертереу келген дарын иесін жаңақорғандықтар жақсы таниды. Ерекше дауысымен танылып жүрген әнші жігітті мәдениет және өнер мерекесі қарсаңында әңгімеге тартып, шығармашылығына ой жүгірттік. Болашаққа құрған жоспарымен таныстық.


Бүгінде Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерінің дамуына, рухани өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген жастар жетерлік. Ал, сол жастарды қолдау – мемлекеттік мүдде. Себебі, келешектің кілті жастардың қолында. Сондықтан, оларға қолдау көрсетіп қана қоймай, дұрыс бағыт-бағдар беру елдік іс деп қарау керекпіз.
– Өнерге қалай келдіңіз?
– Негізі менің әкем өнерге жақын кісі болған. Гитара тартып, ән айтатын кезінде. Ол кісінің жолын жалғап келемін. Сондықтан, әншілік өнер маған қаннан сіңген қасиет деуге болады, – дейді ол.
1990 жылдың қыркүйегінде Сабырхановтар әулетінде дүниеге келген Жасдаурен өнер саласынан бұрын спортқа бет бұрады. Еркін күрестен аудан, облыстық жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүрді. Ағасы Болат Сабырхановтан тәлім алған ол көп өтпей-ақ спортты тастап, өнерге қадам басады. Міне, содан бастап осы саланың басы-қасында жүр. Мектепті тәмамдап, Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің музыкалық білім мамандығы бойынша диплом алады.
– Менің қызметтік жолым «Арман» кенттік мәдениет үйінде басталды. Бұл 2011 жылы болатын. Одан кейін, 2015 жылы Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырушы болып жұмысқа орналастым. Былтыр әдіскер қызметіне ауысып, қызмет жасап келемін. Жалпы, өмірлік ұстанымым әр адам тәуекелшіл болуы керек, ең бастысы табиғатың жақын дүниені дамыта білген ғана ұтады, – дейді кейіпкеріміз.
Ол облыстық байқаулардан олжалы оралып, аудан мерейін өсіріп жүр. Ән байқауларында жанды дауыста ән айтып, өзінің шынайы болмысымен танылып жүрген таланттың бірі. Мәселен, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған IV дәстүрлі «Әнім сенсің – Байқоңыр» ретро-әндер фестивалінде жеңіс тұғырынан көрінді. Осы секілді Сыр өңірінде өткен әншілер байқауларында жүлде алып жүрген ол туралы әріптестері былай сыр шертеді:
– Жасдаурен талантты өнер иесі ғана емес, ол қарапайым жан, жақсы дос. Қашан да ашық-жарқын мінезімен кез келген ортада сыйлы деуге болады. Иә, оның аудан мәдениетіне қосқан үлесі бір төбе. Сондықтан, ол бұдан да биіктікті бағындырып, әлі де аудан өнерін өрге сүйрейді деген сенімдеміз, – деді талантты жастың бірі Тоқтар Әжімұратов.
Қолы қалт етсе ала допты серік ететін бүгінгі кейіпкерімізді танитындар америкалық әртіс «Джейсон Стетхэмға» қатты ұқсатады. Рас, кескін-келбеті келетін оны көргендер бұл оймен толық қосылады. Міне, біз бүгін нысанаға алған таланттың бірі Жасдаурен Сабырхановтың қызмет жолы осындай. Шығармашылық шыңда әлі де биік белестерге көтерілуне тілекшіміз қашанда.
Жалпы, Жаңақорған топырағы нағыз таланттылар туған киелі мекен. Кешегі Бексұлтан Байгенжеев, Дүйсенхан Сыздықов сынды аға буынның ізін енді осындай жастар жалғап келеді.

Әли ТЕМІРБЕК.
25 мамыр 2019 ж. 1 279 0