№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » » ӨЗБЕК АҒАЙЫНДАР КИНО ТҮСІРМЕК

ӨЗБЕК АҒАЙЫНДАР КИНО ТҮСІРМЕК

Өзбекстанның кино майталмандары болашақта Қазақстан туралы бірнеше бағытта тың туындылар түсірмек. Бұл туралы "Өзбеккино" ұлттық агенттігінің басшылығы елшімен кездесу барында мәлімдеді.
Телеарнаның хабарлауынша, басқосуда екі ел арасындағы мәдени байланысты одан әрі нығайту мақсатында арнайы жол картасын жасау жайы да сөз болды.Онда кино саласындағы байланыстың негізгі бағыттары мен мақсаттары көрсетіледі. Жобаны жүзеге асыру үшін сценаристер мен кино режиссерлер және операторлардан жасақталған бірлескен шығармашылық топ құру жайы да айтылды. 
Көршілер қазірдің өзінде ұлттық батырлары Жалаледдин Мангуберди жайлы түсіріп жатқан киносының басым бөлігін Қазақ жерінде түсіруді жоспарлап отыр екен. Туынды арқылы бауырлас елдердің тарихы мен мәдениетінің бір екенін көрсетеміз, дейді режиссерлер. Айта кетейік, биыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы аясында біздің елде өзбек киносының күндері ұйымдастырылады.
04 ақпан 2018 ж. 1 495 0