№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Дәумен қажы Шоманұлының 90 жылдығына арнау

Дәумен қажы Шоманұлының 90 жылдығына арнау

Санаса білген әркез халықпенен,
Бойынан ізгілікті анық көрем.
Артында қалған ұрпақ ардақ тұтып,
Дәукеңдей дарабозын дәріптеген.
Қалықтады Қаратау қыраны боп,
Ұрпаққа аңыз жан еді ұраны көп.
Өміршең өнегелі істерімен
Жұлдыздай жанды елінің шырағы боп.
Қасқайып қоғам жүгін қарсы алысты,
Елдің басын құрауға жан салысты.
Қуғын-сүргінге ұшырап кеткендердің,
Елге оралуына атсалысты.
Өнегелі өрнегі санамызда,
Тұлғалар өмір сүрді арамызда.
Парасат биігінен орын тепкен,
Дәукеңнің ізі жатыр даламызда…
Кішіпейіл жан екен дара жүрген,
Ісімен елден алғыс ала білген.
Ұлағатты ұстаздың бірі болды,
Білімге құштар болып бала күннен.
Тәрбие, білім беріп сан асылға,
Айналған екен Дәукең жанашырға.
Қаншама жыл қажымай еңбек етіп,
Тер төккен үлкен білім саласында.
Елмен бірге арқалап заман жүгін,
Сәттері аз болыпты алар тыным.
Ардың ісін бәрінен биік қойып,
Тектілікпен танытқан адалдығын.
Ұрпаққа ұран болған тылсым сыры,
Жырланар жақсылардың мың шындығы.
Адекеңдер айрықша айтушы еді,
«Бір бөлек» деп Дәукеңнің шыншылдығы.
Елдің жүгі тұрған соң иығында,
Бастан кешті тіршілік қиынын да.
Белсенді, білікті ұлдар қатарында
Еңбек етті партия ұйымында.
Еңбекпен шықты қанша белеске де,
Ел үшін барды талай егеске де.
Ел сенімін арқалап абыроймен,
Депутат болды аудандық Кеңеске де.
Мүше боп Журналистер Одағында,
Үлесін қосты Дәукең зор ағымға.
Бірнеше кітаптары жарық көріп,
Басқарды «Қазақ тілі» қоғамын да.
Дәукеңді үлгі қылған жиі өзгеге,
Бұйыра бермес мұндай сый өзгеге.
Кәсіподақ ұйымын басқарғанда
Делегат болды қанша съезге де.
Арқалап  адал жұрттың аманатын,
Ісімен тигізді елге шарапатын.
Шынайы еңбегімен алды осылай
«Еңбекте ерлігі үшін» марапатын.
Қашанда қадір тұтып «қазақ» атын,
Қалдырған қалың елге ғажап атын.
Ел ескеріп, дәріптеп жатыр міне,
Жаңақорғанның «Құрметті азаматын».
Ағайын бір күніңнен бір күн озсын,
     Заманымыз гүлденіп нұрлы болсын.
 Дәукеңнің өнегелі өмір жолы
 Кейінгі жас ұрпаққа үлгі болсын!!!
Әбілхайыр Әбілпатта,
айтыскер ақын
19 қыркүйек 2018 ж. 988 0