№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Ұлағатты азамат


Сыр өңірінен небір сүлейлер, өр тұлғалы азаматтар өсіп жетілді. Осы Жаңақорған аймағындағы Өзгент елді мекенінде дүниеге келген Дәумен Шоманұлы ағамыздың жүріп өткен жолдары өнегелі өрісімен жанымызға шуақ құйып, пенделік ұсақ тірліктен бойын аулақ ұстаған ұлағатымен сүйсіндірді. Дәукең өте кішіпейіл, адал азамат еді. Даналар айтқан ұлағатты тәрбиелік мәні бар ойлы сөздерді көп айтып, жұртты тамсандыратын еді.
Халық даналығында бақытқа жетудің үш жолы бар дейді.
Бірінші: дені сау болса бақыт жанында жүреді.
Екінші: досы көп болса, бақыт алысқа кетпейді.
Үшіншіден: отбасы аман болса үй ішінен безбейді.
Міне біздің ағамызда осы қасиеттер бар еді. Дәумен ағаның үлкенге де, кішіге де ілтипаты, қамқорлығы ерекше еді. Ол бәрінен бұрын турашыл, шыншыл, ары таза азамат еді. Халықтың айрықша ықыласын иеленген тұғыры биік азамат еді. Дәукең өзі өмір сүрген қоғамның дамуына белсене ат салысып қай қызметте болса да адамдық пен әділдік, адамгершілік пен парасаттылық, білгірлік пен білімділік танытты. 1929-33-37 жылдардағы қуғын-сүргінге ұшырап, елден безіп, Өзбекстанға кеткен ағайындардың 1965-1967 жылдары елге қайтуларына көп еңбек сіңірді. Дәумен ағамыз мен сияқты інілеріне ақылшы, қамқоршы жан еді. Бірде ол кісіге сәлем беруге барғанымда өткен кеткенді еске ала отырып мына жайларды айтқан еді: «Бір күні аудандық партия комитетінің хатшысы Шәймерден Бакиров шақырып алып, Дәумен, мына Түгіскен аймағын игеруге кірісіп жатырмыз. Соған 7-8 адам болып, бұрынғы көшіп кеткен ағайындарды, көшіріп әкелуге көмек етіңдер» деді. Орынды сөзге пәлен деуге бола ма. Әр ата ұрпақтарынан өкілдер: өзім бар, Бейбітов Зәкір, Әлжан Әнапия, Ысқақов Есқожа, Дайырханов, Төлегенов Әлжан, Кенжебаев Шерубай, Нұртазаев Әбдіғаппар аттанып кеттік.
Бұл жақтан кеткен ағайындардың көбі Ташкент облысының Янгиол, Шыназ, Тельман, Солдатсайы деген жерлерінде күн кешіп жатыр екен. Соларды аралап, Қожакент, Өзгент, Задария шаруашылықтарына 400-ден аса жанұяның көшіп келуіне ықпал еттік. Содан басқа жақтан да жанұялар келіп, Қаратөбе ауылдық кеңесіне қарайтын ХХІV партсъез шарушылығына ұйымдасты. Оны алғашқы болып Сапарбаев Төребек басқарды. Жалпы алғанда, сол қозғаудың әсерінен 3-4 жыл көлемінде Түгіскен өңіріне іргелі алты шаруашылық ұйымдасып, сырттан 1500-ге тарта жанұя келеді. Солардың ішінде «Өзгент» шаруашылығының іргетасын қалауға себеп болған Ташкенттен келген Рахманов Абдулла Өзгент ауылдық кеңесінің төрағасы болып, абыроймен зейнетке шықты. Әбекең ақынжанды көпшіл адам еді. Ұрпақтары қазір сол шаруашылықта еңбек етуде. Сейітмұратов Қуандық бөлімше бастығы болды. Қазір олар өсіп-өніп өркен жаюда, ол жағын өзің де білесің, құдайға шүкір, Түгіскен каналы бойына шаруашылық болып әдепкі кезде, 12 мың гектар күріш егіп жақсы нәтижелерге жеттік қой. Менің өз өміріме өкпем жоқ, ойға алған көп арман орындалды. Армансыз адам бола ма, әлі де көп жоспарлар бар.
Бір қария былай деген екен: «Өмірде адамның ең қадырлы сыйлайтын адамы жетеу: ағайыны, досы, ата-анасы, сүйген жары, ұл-қызы, қонағы. Ата-анасын сыйламаған жарымен кеңесіп жүре алмайды. Ағайыны далада, достары тасада қалада. Үйге келген қонағы қарамайды, өзі екі итке ас бөліп беруге жарамайды. Ақылды сыйласаң – өзіңе қажеттінің бәрін аласың» – деген.
Мен қолымнан келгенше кейінгі ұрпақ үшін игі істер жасаудан жалықпадым.
Біріншіден, елден кеткен ағайындарды қайтаруға көмектестім.
Екіншіден, Исламның бес парызын, Аллаһ Тағала қабыл етсе, орындадым.
Үшіншіден, ата-баба жөнінде шежіре жазып бабалар тарихын біраз қозғап, кейінгі ұрпақ үшін естелік қалдырдым. «Молда Шәмші бабаның қасиеттерін», «Шыршық әуендерін» шығардым. Бабалар жөнінде біраз ой қозғауларымды қағазға түсіріп жатырмын. Құдай өмір берсе көрермін.
Төртіншіден, алға қойған өз мақсатымды орындауға ерінбедім. Енді Түркиядан келген туысқандардың көмегімен қайырымдылық жолымен 50-60 кемтар балаларды оқытып, бағатын пансионат ашу керек. Бәрі тегін тек одан әкімнің көмегімен орын дайындап берсе болды. Бұл жөнінде тиісті орындарға айтылып жатыр.
Бесіншіден, Арабтардың көмегімен мына дарияға көпір салу ісін қолға алу керек болып отыр, – деген еді. Көпір жөнінде ол кісінің арманы орындалып уран өндіру өнеркәсібінің күшімен көпір салынды.
Елдің орынды мақтанышына айналған, ауданымыздың «Құрметті азаматы» Дәуменқажы Шоманұлы 2003 жылдың 5 қаңтарда қайтыс болды.
Дәумен қажы Шоманұлы Қызылорда педагогикалық институтына түсіп, оны 1956 жылы бітірген. Оқудан соң Қызылорда қаласында, Шиелі, Жаңақорған аудандары мектептерінде басшы қызметтер атқарды. 1958-1962 жылдары Жаңақорған аупарткомында істеген, одан соң аудандық оқу бөлімін басқарған. 1967-1971 жылдары «ХХІІІ партсъезд» кеңшарында партия ұйымының хатшысы болып қызмет атқарды. Соңғы 20 жыл, яғни 1990 жылға дейін ауылшаруашылығы қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы болып, зейнетке шыққан. Бұдан соң үш жыл аудандық «Қазақ тілі» қоғамына жетекшілік жасап, қоғам үні «Мирас» газетін шығарды.
Кезінде әлденеше рет аудандық Кеңестің депутаты болды. Мұғалімдердің республикалық ІІІ съезіне, кәсіподақтардың Мәскеуде өткен съезіне делегат болып қатысқан.
«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, саланың түрлі деңгейдегі грамоталарымен марапатталған.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, зерттеуші, қарымды қаламгер ретінде «Молда Шәмшілер», «Хикметтер», «Шыршық әуендері», т.б зерттеу, эссе кітаптарын жазды.
Ол қайда, қай салада жүрсе де елдің елеулісіне, халқының қадірменіне айналды.
Ел ардақтысын есте қалдыру мақсатында Жаңақорған кент орталығынан аудан басшылығының қолдауымен көше аты берілді.
2018 жылдың 15 қыркүйегінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тұлғаның азаматтық болым-бітімі мен қабілет-қарымын арқау ететін «Туған жердің тұмары» атты танымдық-тағылымдық мәдени-рухани шарасы өтеді.

Шайдарбек қажы ӘШІМҰЛЫ,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
11 қыркүйек 2018 ж. 1 196 0