Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 82

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

КӨҢІЛДІ КҮН

Орталық алаңында 1-маусым "Балаларды қорғау" күніне арналған Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігінің республикалық қосымша білім беру оқу-əдістемелік орталығының тапсырмасымен жəне аудандық білім бөлімінің қолдауымен музыкалық шеруі өтті.
Республика көлемінде ұйымдастырылатын бұл музыкалық шеру соңында жыл бойындағы аудан бойынша балалардың түрлі конкурстардағы марапаттары дүйім жұрттың алдында қайта табысталды. Осындай марапаттың ішінде ХІІ Халықаралық "Ақ көгершін" балалар шығармашылығы фестиваль-байқауының ІІ дəрежелі дипломанты "Құндызай" би тобы мен ІІІ дəрежелі дипломанты Ілияс Ерғараев хабарланып, мектеп мерейін көтеріп тастады. Сондай-ақ, аудан əкімінің орынбасары Бақытжан Айтбембеттің қолынан Тəуелсіз еліміздің жас жеткіншектерін өнерге баулып, тəрбиелеу жолында сіңірген еңбегі жəне білім саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін мектеп мұғалімдері Алма Махсутова мен Ерсұлтан Мұстафаев Құрмет грамотасымен марапатталды. 
Құрметті, ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі 1-маусым "Балаларды қорғау" күні мерекесі мен марапаттарыңыз құтты болсын! Ашық аспан астында əрдайым дендері саулықта еліміздің мақтаныштары болсын.
02 маусым 2018 ж. 1 066 0