» » » БЕСАРЫҚ БАЛАЛАР ӨНЕРТ МЕКТЕБІ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

БЕСАРЫҚ БАЛАЛАР ӨНЕРТ МЕКТЕБІ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ


Сəуір айының жетінші жұлдызы күні Қызылорда қаласында М.Ералиева мəдениет үйінде І Республикалық "Қазақстан Таланттары" рухани-патриоттық байқауы болып өтті. Республикалық байқау Болашаққа бағдар: "Рухани жаңғыру" жəне "Мəңгілік ел" идеясын қолдау, жасөспірімдер мен жастар арасында кеңінен насихаттау, талабы мен таланты, бабы мен бағы қатар жүретін дарынды балалардың мəдени кеңістігін қалыптастыру, азаматтық патриоттыққа баулу, отансүйгіштікке тəрбиелеу, ел тарихы мен мəдениетіне құрметпен қарап,рухани байлыққа ұмтылу қасиеттерін насихаттау, өнерлерін сынау арқылы үлкен сахналарға жол ашуға мүмкіндік беру болды. 

Байқау вокал, дəстүрлі əн айту, көркемсөз, би, аспапта ойнау, жас қалам, жас сахна сияқты бөлімдерден жəне əр баланың жас ерекшеліктеріне қарай бүлдіршін, балдырған, жеткіншек, жасөспірім, жас өрен, жас дəурен сияқты топтардан құралды. Ал талаптары əр бөлім бойынша бір-бір шығарма орындауы қажет. 
Осы байқауға біздің мектептен хореография номинациясы бойынша "Құндыз-ай" би тобы (жеткіншек тобы) мен аспапта ойнау номинациясы бойынша домбыра сыныбының оқушысы Орынбасар Жадыра (жасөспірім тобы) қатысып келді. 
Байқаудың нəтижесінде, "Құндыз-ай" би тобы ІІ дəрежелі дипломымен жəне домбыра сыныбының оқушысы Орынбасар Жадыра ІІІ дəрежелі дипломымен жəне сый-сияпаттармен марапатталды. Ал жетекшілері Индира Құрбанова мен Бағила Кенжебекова жас ұрпақтың рухани кемелденуі, ұлттық құндылықтарға бай тіліне, тарихына, əдебиеті мен мəдениетіне, салт-дəстүріне берік, рухани мықты танымы мен тағлымы кең тұлға ретінде қалыптастыру барысында негізгі сын мен салмақты артып жүрген ұстазға алғыс білдіру мақсатында "Қазақстан таланттары" байқауын ұйымдастырушысы, əрі директоры Ернат Сахиновтың қолынан "Алғыс хат" алды. 
10 сәуір 2018 ж. 1 404 0