№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Талант – таңдап қонатын бақ

Талант – таңдап қонатын бақ

Ақтөбе қаласында өткен қазақтың біртуар ақындары Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырза Әлі, Бәкір Тәжібаевтың шығармашылығына арналған «Саз бен жырдың саңлақтары» атты ашық вокал байқауына қатысқан Түгіскен ауылдық клуб үйінің директоры Бақытгүл Тасқожаева бас жүлдені қанжығаға байлады.
Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған Бексұлтан Байкенжеевтің «Әйел күннің шуағынан жаралған" әнін жоғары деңгейде орындап, тыңдарман қошеметіне бөленген Бақытгүл Тұрсынханқызы үлкен сахнада талайды талантына тәнті етті. Мәселен, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Димаш Құдайберген, Ерке Есмахан, Нұрболат Абдуллин сынды эстрада әншілерінің ұстазы Марат Әйтімовтың өзі Бақыт апамызға жылы лебізін
жолдап, жоғары бағасын берді. Байқауға қатысушыларға әділқазылық еткен ол мерекелік шараға еліміздің әр өңірінен келіп қатысқан отыз сегіз талапкердің арасында топ жарған жерлесімізді қуанышымен құттықтап, еңбегіне жеміс тіледі.
Рухани-мәдени саланың қыр-сырын жетік меңгерген Бақыт Тұрсынханқызы бұдан бұрын өткен облыстық, республикалық байқауларда «Үздік әдіскер», «Үздік
сценарист», «Үздік көшбасшы» марапаттарын иеленген. Нақтылап тоқталсақ, өмірі мен өнерін бір арнада тоғыстырған ол 2023 жылдың 17 мамырында Шиелі
ауданында өткен облыстық «Үздік клуб қызметкерлері» байқауында да 1-орынды жеңіп алды. Өнер ордасын тізгіндеген өнерпаздың мәдениет саласына сіңірген еңбегі бағаланып, «Елеулі еңбегі үшін» медалімен және Қызылорда облысының ауыл әйелдерінің форумында «Мәдениет саласының үздігі» номинациясын иеленген. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 23 мамырында Алматы қаласында өткен «Өнерлi елдiң өресі биік» атты республикалық байқауда «Ән салу» номинациясы бойынша бас жүлдені қанжығалаған еді. Ұйымдастырушылық қабілетімен көпшіліктің көңілінен шығып, елдің ыстық ықыласына бөленіп жүрген талант иесі көшбасшылық қасиетімен де дара көрініп келеді. Шағын ауылдағы мәдениет ошағының жалауын жықпай,
мерейін асқақтатуда майталман өнер иесінің әлеуеті жөнінде ауылдық өнер мектебінің директоры, сазгер Құлахмет Нәлтаевтың шын пейілді лебізі төмендегіше өрілді:
– Бақытгүлді ән айту шеберлігіне қарай халықтық та, эстрадалық та бағытқа сай деп санаған болар едім. Ол лирикалық бағыттағы нәзік иірімді әндердің өзін құлпыртып орындайды. Тіпті опера бағытындағы әнші болмаса да дауыс диапазоны ол саладан да қаражаяу емес екендігін байқатады, – дейді ол. 
Ауыл мақтанышы, өз саласының майталманы Бақыт апамыз әрбір жеңісінің артында өзін қолдайтын ұжым­ дастарының да еңбегі ерен екеніне тоқталып, шын көңілден шыққан алғысын жеткізді.
– Әріптестеріммен бірге үнемі ізденіп жүреміз. Аудандағы, облыстағы шығармашылық ұжымдармен тәжі­рибе алмасып, репертуарымызды байытуға мән береміз. Түрлі бағыттағы шығармашылық өнер кештерін де жиі ұйымдастырамыз. Рухани-мәдени шараларды жоғарғы деңгейде ұйымдастырып, өз биігімізді айқындауға мүмкіндік мол, – дейді ол бізбен әңгімесінде.
ТҮЙІН: Талант – таңдап қонатын бақ. Сол бақты құрметтеп, тұғырға қондырып, шығармашылық топта оза шабу өнер айдынындағы үлкен жетістік. Бақытгүл апайдың болмысынан баян тапқан талантын мойындаған көпшіліктің берер бағасы осындай.

Жәмила ЕРМАХАН
19 мамыр 2024 ж. 1 751 0