№84 (8795) 22

22 қазан 2024 ж.

№83 (8794) 19

19 қазан 2024 ж.

№82 (8793) 15

15 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » Мақатаевтың туған күніне арналған кеш

Мақатаевтың туған күніне арналған кеш

9 ақпын – Қазақтың ақиық ақыны, поэзия падишасы Мұқағали Мақатаевтың туылған күні. Осыған орай, Әбдіғаппар ауылдық клубының ұйымдастыруымен “Ғашығым” атты ақынның сөзіне жазылған әндерді орындаушылардың аудандық байқауы өтті.

Байқау нәтижесімен "Арман” кенттік мәдениет үйінің қызметкері Мәнсия Бакирова, “Шалқия” кенттік мәдениет үйінің қызметкері Сұлтанбек Байқожаев және Қосүйеңкі ауылдық клубының қызметкері Рауан Қалманова жүлделі ІІІ орындарды иеленсе, ІІ орынды Түгіскен ауылынан Ләззат Қожабаева, І орынды М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінен Көкен Өскенбай иеленді.

Байқаудың Бас жүлдесін Манап ауылынан қатысқан Күндана Пірімқұл қанжығасына байлады.
Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға арнайы дипломдар мен сый-сияпаттар табысталды.

09 ақпан 2024 ж. 389 0