№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Өрісі кең өнер ордасы

Өрісі кең өнер ордасы

1987 жылы Түгіскен клуб үйі пайдалануға берілген-ді. Арада 33 жыл өткенде руханият ордасы күрделі жөндеу көрді. Аққорғандықтардың қуанышы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай күні» шарасында көрінді.
Рухани-мәдени шараға түгіскендіктер қатты дайындалыпты. Бір жағынан, мұны аудан басшыларына білдерген алғысы ретінде қабылдадық. Шара әжелердің әсем әнімен ашылды. Одан ауыл өнерпаздары Абайдың қара сөздерін мен өлеңдерін оқып, философиялық ой түйді.
Аудан әкімі Руслан Рүстемов қуанышты күнге ортақтасып, философ, ағартушы, ақын Абайдың ұлтты рухани-мәдени дамытуға қосқан үлесін сөз етті.
Ал ауылдық округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермағамбет Ибрагимов клуб үйінің жөнделуіне мән берген аудан басшыларына алғысын білдірді. Шараның соныңда Сардар Садықов әріптестеріне «Абай күні» челенджін жолдады.
Біз шарадан кейін клуб үйінің директоры Бақыт Тасқожаеваны әңгіме тарттық.
– Клуб үйі заманауи келбетке енді. Жылыту қазандығы орнатылып, бөлмелердің іші жылыды және сахна жаңарып, аудандық, облыстық деңгейдегі іс-шаралар өткізуге мүмкіндік ашылды. Клубтың атауы жазылған тақтайша ілініп, ауласы абаттандырылды, – деп қуанышын жеткізді Бақыт Тұрсынханқызы.
Аудан басшысы Руслан Рүстемов клуб үйінің өнерпаздарына қажетті сахналық киімдер тіктіруге демеуші тауып, ұлттық дизайндағы топтамаға қол жеткізді. Өнерпаздар үшін бұдан асқан сыйлық бар ма?
Бүгінде көпшілік жиындарға тиым салынғаны өнерпаздардың шабытына тұсау бола алмады. Мұны клуб үйінің өнерпаздары әлеуметтік желіде жиі жариялайтын іс-шараларынан байқадық. Жауапкершілік жүгін тең көтерген ұжымда есепші Сәби Өтешов, мәдени ұйымдастырушы Бекқожа Атақожаев, баяншы Арай Көптілеуова мен Бауыржан Құрманбаев онлайн байқауларға белсенді қатысып жүр. Мәселен, «Сана тазармай, дала тазармайды», «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» іс-шарасы, «Үкілі домбыра» үйірмесінің «Кел, домбыра үйренейік!» онлайн сабағын клуб үйі әлеуметтік желідегі парақшасынан көруге болады.
Клуб үйінің бүгінге дейін жеткен жетістіктері мол. Соңғы бес жылды тарқатар болсақ, 2015 жылы «Өнерлі өңір» телевизиялық байқауына қатысып, үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды. 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында «Әуезді әуелеткен әжелер» атты облыстық байқауында қара үзді. 2018 жылы Кеңес Одағының батыры Ә.Әбутәліповтің 95 жылдығы аясында клуб қызметкерлері арасында сценарий жазудың облыстық байқауында бірінші орын алды. 2019 жылы «Үздік көшбасшы клуб» облыстық байқауында бас жүлдені иеленді. Сондай-ақ, «Асқақта ән ауылымның көгінде», «Әжем айтқан ертегі», «Үздік әнші», «О, гитара шырқайық сені» байқауына клуб өнерпаздары қатысып, жүлделі орындар иеленді.
Ал клуб үйінің тізгінің ұстаған Бақыт Тасқожаева мәдениет саласына сіңірген еңбегі бағаланып, «Елеулі еңбегі үшін» медалімен және Қызылорда облысының ауыл әйелдерінің форумында «Мәдениет саласының үздігі» номинациясымен марапатталды.
Облыстағы үздік өнер ордасының біріне айналуының сырын сұрадық.
– Біздің өнерпаздар үнемі ізденіп жүреді. Аудандағы, облыстағы шығармашылық ұжымдармен тәжірибе алмастырып, репертуарымызды байытуға мән береміз. Бір ғана мысал, сазгер, дережер, Түгіскен балалар өнер мектебінің директоры Құлахмет Нәлтаев ағамызбен шығармашылық байланыстамыз, – деп жетістіктің сырын бөлісті клуб үйінің директоры.
Аққорғанға қандай басшы келсе де, клуб үйін жөндеу керектігі айтылатын. Биыл осы мәселе шешімін тауып, қуанышты күнге ұласты. Мұны «Абай» күнімен орайласқан шарада сезіндік.

Мақпал ПАТЕНОВА
21 қараша 2020 ж. 637 0