№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Сыбызғымен сырласқан ару

Сыбызғымен сырласқан ару


Ұлттық музыкалық аспаптан төгіле шыққан әсем әуен жүрекке жетіп, жандүниеңді толқытқан сәтте өнер адамдарына деген құрмет арта түседі. Қолдың жұдырығындай музыкалық аспаптың саз мәнерін нәзік саусақтарымен жаңылмай тауып, тамылжыта орындап талдырмаш қыздың таудай талантына тәнті болып, сүйсініп тұрып қалыппын.


Менің кідіріп қалғанымды байқаған Әлшекей атындағы өнер мектебінің мұғалімі Гүлсара Бұлдырықова оқу­шысының алдағы үлкен байқауға қызу дайындалып жатқанын айтты.
Бұл айтып отырған өнерпаз Нұр­қаным Қалилилла, №56 мектептің 8 сынып оқушысы екен. Ол бірінші сыныптан бері өнерін шыңдап келеді. Бүгінде осы мектеп оркестрінің белді мүшесі. Домбыра, флейта, сазсырнай, шертер, пионино, сыбызғыда халық әндері мен күйлерін еркін орындап жүр.
Оркестр құрамынан бөлек жеке орындауларымен де көпшілік шараларда бой көрсетуде. Жас өнерпаз облыстық ән-би байқауынан екі жыл қатарынан екінші орын, халықаралық «Жеті қазына» атты ән-би байқауынан бі­рінші және екінші орын, халықаралық «Атадан мұра» байқауында бас жүлде, Ресубликалық «Бозторғай» байқауынан бас жүлдені алып, аудан абыройын асырды.
Мұндай деңгейге жету жолында сауаттылық пен ізденіс қажет. Оның тамаша талантын аша білген ұстазда­ры шәкіртінің ерекше көркем мінезін, сабырлылығын және биязылығын айтты.
– Музыка менің жан сырым, нота –көңіл пернем. Сахнаға шыққанда іш­тегі толқынысымды әуенмен ағытып, тебіреніп кететін сәттерім де болады. Осындай көңіл ағынын тізгіндеуді Ұстазым Гүлсара Бұлдырықова тежеп ұстаудың тәсілін үйретті. Сол себепті өзімді ұстаз таңдауда жолым болды деп санаймын, – дей жас талант.
Бірде домбырамен, бірде сыбызғымен, бірде сазсырнаймен күй төгілтетін ерекше дарын иесі бос уақытында сурет салумен де айналысады екен. Оның картиналары халықаралық көрмелерге қойыла бастады. Ол дәріс алып жүрген Әлшекей атындағы Өнер мектебінің фоесінде табиғат тақырыбында бірнеше жұмысы қойылған.

ТҮЙІН. Нұрханым келешек өмірін музыкасыз елестете алмайтынын, ал­дағы уақытта елге белгілі орындаушы болуды мақсат еткенін айтты. Дина Нұрпейісованың орындау шеберлігіне еліктейтінін де жасырмады. Біз келе­шегіне сенімді қадам бастаған жасқа ақ қанатты арманына самғай беруін тіледік.

Макпал ПАТЕНОВА
27 желтоқсан 2023 ж. 932 0