№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » “Ақсымбаттың" Асуы

“Ақсымбаттың" Асуы

Қай кезеңде де, қай елде болмасын ұрпақ тәрбиесі бағдарлы болашақтың бастауы. Тәуелсіздігіне тәубе етіп, Мәңгілік Ел болуды мұрат тұтқан халқымыздың рухани бай дүниесінің өлшемі мен өресі де осы бала тәрбиесінде жатыр. Сондықтан болар, 2012- 2013 жылдары «Балапан» бағдарламасымен бүлдіршіндерге арналған жеке балабақшалар іске қосылды. Тәуелсіз елдің ұрпақтарының тәрбиесін ұстаным қылған, болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді жалғап келе жатқан білім ошағының бірі – «Ақсымбат» балабақшасына биыл 10 жыл.


Жуырда ғана аудандық мәслихат депутаты атанған Ақмарал Маликова басқарып отырған бұл «Ақсымбат» балабақшасы аз ғана уақыт ішінде қаншама бөбектердің сүйікті мекеніне айналып үлгерді. Жастығына қарамастан балабақшаның бүгінгі бағындырған биіктері мен жеткен жетістіктері жетерлік. Бүгінгі заман талабына сай инновациялық білім мен тәрбиенің озық үлгісін меңгерген, тәжірибелі, жаңашыл педагогтар мен жалынды жас ұстаздардан тұратын, ынтымағы жарасқан ұжымның жетістігі мол. Соңғы жылдардағы жетістігін сөз етсек, жас балдырған Нұрдәулет Әлмахан, Ақназар Асадулла, Айару Алпамыш, Жания Асқар, Айсана Асан, Манарбек Әбілпатта,Әділет Дәрібай, Аружан Жоламан, Айнамкөз Жұмаділла, Жақсыбай Мирас, Шамиль Қожабай, Айжұлдыз Тұрсынбай, Тілеухан Мирас сынды балғындар республикалық байқауда жүлдеге ие болды. «Мамандығым-мақтанышым» тәрбиешілер сайысында Салтанат Искакова І орын, «Мұқағали мұрасы», «Атадан мұра» және «Ән салады мамандар» байқауында шәкірт жетістігі үшін арнайы төсбелгімен Камила Мәмбетәлиева, Арайлым Фархатқызы, Гүлжан Абишева, Гүлнұр Дастанова, Жанат Беркімбаева сынды тәрбиешілер марапатталған. Сондай-ақ Таңсұлу Алмас пен Мөлдір Бименованың айрықша еңбегін айту орынды.

Салтанатты шараның шымылдығын осы білім ұясында тәрбиеленген әр жылдағы шәкірттер ақ тілегімен ашты. Алғашқы түлегі Ақназым Әбдікерім, Злайхо Аппаз, Самал Аймағанбет, Ақниет Қуандық, Кәусар Асанхан, Аруназ Айтмағанбет, Айзере Нұрмағанбет, Сымбат Сұлтанхан, Айзере Райымбек, Айбибі Абілқайыр тәрбиеші апайларымен сағынышпен жүздесті.

Мерейтойдың құрметіне балабақша бүлдіршіндері өз өнерлерін ортаға салды. Солардың қатарында Айша Жұмаділла «Дәл мендей» әнін орындағанда бала тілі бал екенін жүрекпен ұқтық. «Кітапхана» әнімен Жәния Асқар мен Нұрдәулет Әлмахан көптің назарын аударды. Ер балалар өзбек биімен сахна төріне шыққанда қол соқпаған жан қалмады. Қыздардың «Мата» биі асқан шеберліктерін аңғартты. Айта кетейік, тәлімгерлер еңбегін баланың сахна мәдениетіне ысылғанынан байқадық. Мерекеде ұжымдағы тәрбиеші қызметкерлері «Жолыққан қандай жақсы» әнін әуелетті.

Бүлдіршіндердің өнерін, білімін көрген ата аналар ризашылықтарын білдірді. Балабақшаға қонақ болып келген аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі ұйымдар бас маманы Назерке Базарбаева ықыласты тілегін бөлісіп, балаларға «Балабақша бітірушісі» куәліктерін мен мадақтамаларын табыстады.

ТҮЙІН. Ашығын айту керек, тәжірибелі тәрбиешінің жұмысын білімпаз баланың бойынан анық аңғаруға болады. «Әр бала бір дарын» деген балабақша ұжымы заман ағыма сай тәлім-тәрбие берудің ізін қалыптастырып, бәсекелестікке қабілеттілігін байқатып, биік асуларды бағындырып келеді. Біз де ұйымшыл ұжымға сәттілік тіледік.

Мақпал МАРҚАБАЙ
09 маусым 2023 ж. 266 0