№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Біздің Мейірлан сабаққа өте белсенді

Біздің Мейірлан сабаққа өте белсенді

 Болар баланы алғашқы басқан қадамынан танып, қылығына тоймайтын ата-ана оның бойындағы қандай бір қабілеттің көзін ашуда қамқор-қолдау танытудан аянбауы тиіс. Жеке тұлға қатыптастыру мәселесі мектепке дейінгі мекемелер бағдарламасында жан-жақты қарастырлып келеді. Осы бағытта кент орталығындағы «Ақсымбат» балабақшасына арнайы бас сұғып, бала-бағбандарымен пікірлесуді жөн санаған едік.

Биыл балабақшамен қоштасып, мектеп табалдырығын аттаған жас өрендер қатарында Мейірланды бөле-жара айтқан тәрбие­шілер Мейрамкүл Омарова мен Кәмила Мәмбетәлиеваның өнерлі балақанға ықыласы ерек.
– Біздің Мейірлан сабаққа өте белсенді. Мейірлан балабақша ертеңгіліктері мен ашық оқу қызметтерінде ерекше көзге түсетін алғыр бала болды. Атап айтсақ, аудандық семинарда Мейірлан "Ғарыш әлеміндегі математика әлеміне саяхат" тақырыбы бойынша тапсырмаларды тиянақты орындап, аудандық балабақша қызметкерлерінің көзіне түсті. Ән салғанды жаны қалайды. Өнер сайысына қатысып, талантты ұл екенін көрсетуде. Балабақшадағы ертеңгілік, сайыстарда белсенділік танытты. Қандай тапсырма берсеңіз де тиянақты орындайды. Оған қоса логикалық ойындарға жүйрік, – дейді бала бағбандары.
Иә әжесі Үрият апаның тәрбиесінде болған Мейрлан үнемі «мен әжемнің баласымын» деген сөзінен танған емес. Ал тірлігі естияр ұлдар сапында ой-санасының озық, алғырлығымен қатарының алды болып келеді екен. Ата анасы Ғани мен Нәзира ұлының бойындағы ерек болмысын жіті танып, көзін ашуға тырысып келеді. Өнер сайыстарынан қалдырмай, сахналық киіммен, құрал жабдықтарымен қамтамасыз етуде барын салып отырады. Жан-жақты қамқорлыққа бөленген Мейірлан үзбей жаттығу нәтижесінде ән айтып, көпшіліктің ризашылығын алып жүр.
Болашақта керемет әнші келетін бүлдіршін балалық армандарын жасырмады. «Мен Димаш сияқты жұлдыз болғым келеді». Балапан қиял осылай қияға қанат сермейді.
Ұрпақ – ғұмыр жалғасы, аманатты арқалар ізі. Қай халық болсын, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді.
Кейіпкеріміздің сөзі салмақты. Ойы тиянақты. Кез келген сұраққа тосылмай, жан-жақты жауап береді. Келешекте білім нәрімен сусындап, биік белестерді бағындырады деген сеніміміз мол.

                                                                                                                                                Ерлан РАЙЫМБЕК
10 қыркүйек 2019 ж. 718 0