Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ БАЛА ТАНЫМЫНА ӘСЕРІ

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ БАЛА ТАНЫМЫНА ӘСЕРІ


«Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек. Ойлану негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден басталады. Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей ілуге баулу керек». Бұл Елбасы Жолдауынан үзінді.

Жақында кенттегі «Ақсымбат» балабақшасының ұйымдастыруымен аймақтық әдістемелік семинар өрбіді. «Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, балалардың танымдық қабілетін арттыру» атты тақырыпты тереңінен тартқатқан алқалы басқосуға кент орталығындағы балабақша әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. Өздеріңізге белгілі, бүгінгі заманда интеллектуалды және жеке даму мәселесі күн санап маңызды болуда. Себебі, біз сандық, жедел дәуірде өмір сүрудеміз. Әлем қарқынды түрде дамып жатыр. Бұл тұрғыда қоғам жаңа форматта ой өрбіте алатын, дамыған сыни көзқарасы бар адамдарға қажетілікті тудыруда. Өз кезегінде мұндай маңызды мәселенің орнын түрлі тақырыптық мазмұнды қамтитын семинардың берері мол.
Бірінші кезекте, балабақша меңгерушісі Ақмарал Маликова аймақтық семинарға қатысушыларына сәттілік тілеп, ұрпақ тәрбиесі жолындағы ізгі жұмыстарына алғыс білдірді. Одан әрі С.Ысқақованың «Қолөнер – зор өнер» атты көрмесін тамашалады. Қарапайым қағаздан бастап, сан түрлі бұйымды қажетіне жарата білген тәрбиешілердің тапқырлығы баланың ойлау қабілетінің озық болуына өзіндік септігін тигізері сөзсіз. Ал, бала бағбаны Камила Мамбеталиеваның «Ғарыш әлеміндегі математика патшалығына саяхат» атты сабағы келушілерді қызықтырды. Баланың есте сақтау қабілеті мен ой өрісін, зейінін дамытуға бағытталған дәрісте балалар ғарыш әлеміне саяхаттау арқылы логикалық есептерді тың тәсілде тез шығарды. Ал, ағылшын тілі пәні мұғалімі Раушан Мархабаеваның «Wonderful winter» атты тәжірибе алмасу сабағында бүлдіршіндерге қыс мезгілі туралы түсінік, танымды арттырудың жаңашыл әдісімен бөлісті. «Адам өмірінің әртүрлі кезеңінде тіл үйренуде түрлі артықшылығы болады. Кішкентай балақайлар дыбысты жақсы қабылдайды. Бұл кезеңде тіл үйренген балаларда шет тілін меңгергенде акцент сирек болады. Сондықтанда осы мүмкіндікті пайдаланып, сөздік қорын молайтқан абзал», – дейді Раушан Мархабаева.
Сонымен қатар тәлімді тәрбиешілердің басқосу барысында психолог Б.Омарованың тренингтік дәрісі мен Арайлым Қазақбайдың «Аяз» ертегісі мюзикл жанрындағы қойылымы семинар қатысушылары тарапынан зор құрметке бөленді. Осылайша, бала танымын қайтсек жаңа технологияларды пайдалана отырып жандандырамыз деген алқалы жиын соңында тәрбиешілер ұзақ жылдарғы тәжірибесімен бөлісіп, ортақ ой алаңында өзіндік пікірлерін айтты.

Салтанат ЫСҚАҚОВА,
«Ақсымбат» балабақшасының әдіскері.
30 қаңтар 2019 ж. 1 151 0