Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жемісті еңбекке лайықты марапат

Жемісті еңбекке лайықты марапат


Қай кезеңде, қай елде болмасын мәдениет пен өнер – халықтың рухани болмысының айнасы, бағдарлы болашағының бастауы. Тәуелсіздігіне тәубе етіп, Мәңгілік Ел болуды мұрат тұтқан халқымыздың рухани бай дүниесінің өлшемі мен өресі де осы мәдениет пен өнер шоқтығында жатыр. Сондықтан ғасырлар бойы мұра болған асыл қазынаны ұрпаққа жеткізу жолында ауқымды жұмыстар атқаратын аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің еңбегі орасан. Ал өздерінің кәсіби мерекесі қарсаңында осы саланың отымен кіріп, күлімен шығатын бірқатар азаматтар мен азаматшалар облыс төрінде құрмет пен марапатқа ие болды. Солардың қатарында киелі өнер жолында аудан мерейін асқақтатып жүрген аудандық мәдениет үйінің директоры Зульфия Шалабаева да бар.


Өнерлінің өрісі кең. Ал, өнер халықтың қазынасы, ұлттық құн­дылығы. Ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып келе жатқан, баға жетпес байлығымызды көздің қара­шығындай сақтап, бүгінге жеткізген аға буынның ізін басқан мәдениет және өнер қызметкерлері өз істерін адал атқарып, көрермендерінің көз­айымына айналып келеді. Бұл күн мәдениет пен өнер саласында жүрген жандар үшін маңызды, әсіресе төккен терің бағаланып жатса өнердің шыңын бағындыруға шабыт береді.
Өткен жұма облыс төрінде мә­дениет қызметкерлерінің кәсіби ме­рекесі қарсаңында туған жеріміздің рухани дамуына және бай мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосып жүрген жандардың басын біріктіріп, оларға көрсетілген айрықша құрмет­тің белгісіне куә болдық. Айналасын думанға бөлейтін, сан қырлы талант иелері мен жан дүниесі рухани бай өз ісінің майталмандары жиналған бұл кеште облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемұлы ұлттық өнеріміз бен мәдени мұрамызды насихаттауда өз үлесін қосып жүрген жанашыр жан Зульфия Шалабаеваға сахна төрінде құрмет көрсетіп, кеудесіне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін тақты.
Мәдениет – ұлттық болмысымызды сақтап қалатын, әлемдік тарих сах­насында алар орнымызды айқындап беретін бірден-бір құбылыс. Сон­дықтан олар қоғамның барлық сала­сымен тығыз байланыс жасап, кез келген жағдайға икемделіп, тынымсыз еңбек етіп, төккен тердің нәтижесімен жұмыс жасайды. Әр мереке сайын халыққа қуаныш, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын мәдениет пен өнер қызметкерлерінің бұл қажырлы еңбе­гін аудан мәдениетін өркендетуге қосқан үлесі деп санау керек. Тіпті бұл ұжым ұлттық өнерімізді ұлықтап, өскелең ұрпаққа дәріптеуде шет мемлекеттердің шығармашылығына шолу жасап қана қоймай, әлемдік мәдениеттің жауһарларымен өз дү­ниелерін үйлестіре білуде де ты­ным таппайды. Ал осы аталған жұмыстың сахна төрінде ешбір қатесіз өз орнымен көрінуінде Зульфия Құрмәнәлі­қы­зының қолтаңбасы жатыр десек қа­телеспейміз. Жағымды жаңалықты ести сала құттықтай барғанымызда өз қуанышымен бөліскен кейіпкеріміз бұл марапатты ұжым жұмысына, аудан мерейіне берген баға деп есептейтінін айтты.
– Өнер мен мәдениет егіз ұғым. Ал бұл бағыттағы әр қадам игілікті. Мәдениеттің мәйегі өнер арқылы дәріптеліп, халықтың құлағына жетіп жатады. Осы орайда, төскейінде берекенің қазаны қайнаған, боса­ғасына бақ пен береке ұялаған, ақындық пен жыраулықтың ақ бесігі саналған жер жәннәті – Жаңақорған жерінде еңбек етіп келе жатқаныма өзімді бақытты санаймын. Осы ретте өз жұмысын сүйіспеншілікпен дұрыс үйлестіре білетін әріптестерімді, жүрегі өнер деп соғатын барша мәдениет қызметкерлерін мерекелерімен құт­тықтап, айрықша алғысымды білдіргім келеді, – деді ол.
Ал өнер адамының марапат төрінен көрінгеніне қуанған барша әріптестері атынан ыстық ықыласын білдірген аудандық мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрымжан Бұлдырықов:

– «Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер» дейді. Өнерімен өрге жүзгеннің өресі биік болары хақ. Өйткені, мәдениеттің ең биік өлшемі бар жақсылықтың бастауы екені сөзсіз. Сондықтан мәдениет саласының маманы, өнер адамы өркениетті өмірдің басты тұлғалары болып саналады. Міне, сол өнерімен биік белестерді бағындырып жүрген аудандық мәдениет үйінің директоры, әріптесіміз Зульфия Құрмәнәліқызы үздіктер қатарынан көрініп, лайықты марапат иесі атанды, – деді..

Ал бұл марапат мәдениет саласы өкілдерінің жауапкершілігі екі еселенді деген сөз. Ендеше ауданымыздың өнері мен мәдениетіне сүбелі үлес қосып, осы саланың мерейін көтеріп жүрген әріптестеріме алғаусыз алғысымды айтып, ел мәдениетінің одан әрі гүлденуіне, өнеріміздің асқақ­тауына қызмет етіп, халқымызды шығармашылық табыстарымен қуанта берсін, – деп бізде өз тілектестігімізді білдірдік.

Лаура БИБАСАРОВА


24 мамыр 2022 ж. 475 0