№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Баланы баптамасаң, бағың таяды

Баланы баптамасаң, бағың таяды


Қазақ халқы қай уақытта болмасын ұрпақ тәрбиесін тұғыр тұтқан.  «Баланың өскен бесігі – кең дүниенің есігі» деп, тал бесіктен тәлім алған баланың бабы  жер бесікке дейінгі ғұмырына қазық боларын қаперде ұстаған ұлтымыз үшін нақ бүгінгі күндері балабақшаның маңызы ерекше екені айтпаса да анық. Бүгінде күнұзақ қолы босамайтын әке мен шешенің міндетін балабақшалар атқаруда. Енді осындай міндетті арқалаған бүлдіршіндер мекенінің жайы қалай? Балбөбектер күн-ұзақ уақытты қалай өткізеді? Тілі енді ғана шыққан балаға тәлімнің негізін қалайтын ортаның ортақ мәселесі бар ма? Көкейкесті мәселенің түйінін тарқату үшін аудандық білім бөлімінің әдіскері Фатима Тұртановамен хабарласудың сәті түсті. 


– Бүгінде аудан көлемінде ба­ла­­бақшаның саны артты. Ке­зек­те қамтылмай тұрған бала жоқтың қасы. Балабақшаның көптігі оның жұмысының сапа­сы­на мін түсір­мей ме?
– Кішкентай бүлдіршіндердің ал­ғаш­қы даму кезеңі, білім мен тәр­бие берудің алғашқы сатысы, білім алуға, еңбекке, қоршаған ортаға бейімі, адамдармен қарым-қатынасы, сөздік қорының, ойлау қабілетінің дамуы мектепке дейінгі кезеңде қа­лып­тасады. Қоғам мүддесіне лайық­ты, жан-жақты жетілген, бойын­да ұлттық сана қалыптасқан па­ра­сатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, білім беру ұйымдарының, барша жұрт­шылықтың міндеті. Бала тәр­биесі отбасынан басталады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісінің негізі көбінесе мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қаланады. Бала­лар – еліміздің бүгіні мен ертеңі, мемле­кетіміздің басты байлығы әрі тірегі. Сондықтан да балаға тиісті дәрежеде жағдай жасау, денсаулығын жақсарту, өмірін гүлдендіру, саналы тәрбие мен сапалы білім беруде балабақшалардың маңызы үлкен. 
Балабақшаның соңғы жылдары күрт көбейіп кеткені рас. Дегенмен бұл сапа төмендеді дегенге келмейді. Барлығы да әдістемелік жоспарға сай жұмыс жасап жатыр. Әрбір баланың жасына сай жоспар түзілген. Сол бағытты іске асыру аясында сабақ беріліп, түрлі ойындар арқылы бала­ның білуге, үй­ренуге деген қабі­летін арттыруға жұмыс жасап жатырмыз. Әрбір өскінді еңбек­сүйгіштікке бау­луға, отбасы мүше­лерімен тіл та­бы­сып, дұрыс қарым-қатынас жасау­ға, үлкенге құр­мет, кішіге ізетке тәрбиелеуге тыры­самыз.
– Балабақшада түйткілді мәсе­лелер бар ма?
– Балабақшаларда айтарлықтай мәселе жоқ. Елдегі сара саясаттың аясында бағдарлы жұмыс жасалып келеді. Солардың бірі «Балапан» бағдарламасы. Елбасы Н.Назарбаев: «...барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда» деп осыдан он жыл бұрынғы халыққа арнаған Жолдауында жариялаған болса, сол бағдарлама ауданда 100 пайызға орындалғаны қуантады.
– Балабақша қызметкерлерінің біліктілік деңгейіне қандай баға берер едіңіз?
– Мағжан Жұмабаев атамыз өзі­нің ұлағатты бір сөзінде былай деген: «Баланы тәрбиешінің өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық­тап дайындау керек». Иә, Мағжан атамыз айтқан даналық ой бүгінгі күнгі білімді ұрпаққа ар­нап айтылғандай. Елдің ертеңгі тірегі – балдырғандарымыз заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Қа­зіргі таңда тәрбиешілер қауымына үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Бала тәрбиесі – баршаның ортақ ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де.
Осы бағытта мектепке дейінгі ұйым тәлімгерлерінің кәсіби құзі­рет­тілігі мен біліктіліктерін көте­ру мәселесі өзекті.
– Әңгімеңізге рахмет. 
P.S.: Иә, ұлтжанды ұрпақ өсіру тәлімді тәриебіге тікелей байланысты. Мектепке дейінгі тәрбиенің негізін қалайтын орданың болашаққа бастар даңғыл жол екенін ескерсек, баланың бақытты балалығына бағдарды дұрыс берейік.
Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
13 желтоқсан 2020 ж. 870 0