Ауылдағы ақ бидай


Шаруашылық негізін қолданғалы бидай өсірумен айналысып келеді.
     Азық-түлік өнімі ретінде бидайдың көптеген аса бағалы қасиеттері бар екені баршаға мәлім. Бүкіл дәнді дақылдар өнімінің 60% мөлшері бидайдан алынады. Биыл аудан бойынша 4377 гектар бидай егілді. Ал,Сұңқар шаруа қожалығында 30 гектар жаздық бидайдың дәні тасталды.  Егілген өнімнен  гектарына44 центнер өнім алынды.  
  
    Бидай дәні -  аса құнарлы да қуатты азық, оны сақтау да қиын емес, бір жерден екінші жерге тасып жеткізу де оңай және оны өңдеп алуан түрлі өнім алуға болады  деп ағынан жарыла сөйлеген шаруа иесі  шаруашылықтың жылдан- жылға  өркендеп, өсіп жатқанын айтады.  Шаруашылық өткен жылы да ауданда алдыңғы қатарда көрінген болтын. Биыл  «Алтын дән- 2022» мерекесінде «Үздік бидай өсіруші» номинациясы Нурболат Ырысдаулетовке бұйырды. Ауыл мақтанышы, асыл жар, көп балалы әке Нурболат Қалдыбайұлы қыруар тірліктен қолы босамайтын, істің азаматы екені таңның атысы кештің батысы егін басында екенінен байқадық. Күздік бидайдың дәнін жерге қондырып, қысқа қамдануда жүрген еңбекқор азамат егін саласында 2009 жылдан бері қызмет жасайтынын мақтанышпен айтады. 3 ұл,3 қыз тәрбиелеп отырған әкенің еңбегі құрмет төрінде. Асыл жары Жанат үй шаруашылығын дөңгелетіп отырған аяулы ана. Жер Анаға еңбек сіңіріп, нәпақа айырып отырған қарапайым шаруа иесі Алладан кейін алғысымды  ата-анама айтамын дейді. Әкесі Қалдыбай мен анасы Сәрсенкүл Ырысдәулетовтер балаларының әр жетістігіне балаша қуанып , тілеуін тілеп отырған  жандар.
   Шынайы еңбектің шынайы жемісі жігіт ағасының еңбегі мен болмыс-бітімінен сараладық. Ендеше бидай өсіріп, қамбасын астыққа толтырып жатқан шаруашылық жұмысына сәттілік тілей отырып,бидай өсіруде берекелі табысқа кенелсін дейміз.
23 қаңтар 2023 ж. 454 0