№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Музыкалық үндестіктің маңызы үлкен

Музыкалық үндестіктің маңызы үлкен

Біздің бүгінгі әңгімеміз балаларға әрқашан қамқор болып, руханиет әлеміне жетелеуден шаршамайтын жандардың бірі – «Меруерт» балабақшасы ұлттықаспаптар ансамблінің көркемдік жетекшісі, саз пәнінің ұстазы Гүлжан Шерубаева туралы болмақ.

  Жас сәбидің бойында музыканы тыңдау, оны түсіну, есте сақтау, ажырата білу, ән салу, би билеу, сазгерлерді, аспаптарды тану қабілеттері біртебірте қалыптасады. Ал, балабақшаға қамтылған баланың бойына қысқа мерзім ішінде аталған білім дағдыларын қалыптастыру музыка жетекшісінің алдына қойылған аумақты да, жауапты іс десек артық болмас. Бүгінгі кейіпкерімізбен бала тәрбиесіне саз құдыретінің салмақты ықпалы жөнінде ой бөлістік.

– Бала бағбандары бүлдіршіндердің, жан дүниесін сезінуге, аялауға, бағалауға тырысамыз. Балабақша баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында ерекше орын алады. Әсіресе, балабақшадағы сәбилік шағынан тәрбиеленіп келе жатқан балада музыканы тыңдау, оны түсіну, есте сақтау, ажырата білу, ән салу, би билеу, аспаптарды тану қабілеттері біртебірте қалыптасады. Осы тұста айта кетейін, музыка баланың ішкі жан дүниесіне, сезіміне тікелей әсерін тигізеді. Тіпті, әуеннің адамға деген ықпалы кейде үгіттеуден, нұсқаудан да анағұрлым күшті болады.

Балаларды мазмұны әр түрлі шығармалармен таныстыра отырып бала бойындағы түрлі сезімдерін оятуға, сан алуан қабілеттерін жетілдіруге тырысамыз. Тіпті музыка арқылы баланың жағымды мінез-құлқы қалыптасады. Ойын, би қимылдарының баланың көңілкүйі көтеріңкі, жағымды болуына әсері мол. Мен оны күнделікті балалармен жұмыс барысында байқап отырамын.

Балалардың күлкісі мен мейірімі арқасында біздің балабақша жыл өткен сайын гүлденіп, көркейіп, жасара түсуде. Бойымыздағы бар білімімізді, асыл қасиеттерімізді періште бөбектерге арнай білсек, олардың жүрегіне жол тауып, өзіндік «мені» бар дәрежеге жеткізсек, Отанды, адамзатты сүюге тәрбиелесек – міне, біздің балабақшамыздың нағыз бақыт алаңына айналғаны, – дейді тәжірибелі маман.

Иә, балабақшадағы жұмысымен қатар өмірлік серігі Ғалымжан Омаров екеуі бірге ән салып, өнер көрсетеді. Үлкен қызы Жадыра фармацевт мамандығын меңгеріп, осы жолда еңбек етсе, ұлы Асылжан әскери салада. Ал, кенже ұлы Расул мектеп қабырғасында. Ел арасындағы той-томалақтарда триода ән салып, халықтың көңілінен шығып келе жатқан ерлі-зайыптылар елдің баласын музыкамен тәрбиелеуге тізе қосып еңбек етуде.

Әсел Ибрагимова
22 желтоқсан 2022 ж. 339 0