№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Музыканың балаға пайдасы қандай?

Музыканың балаға пайдасы қандай?


Музыка баланың дарынынң артып, оның бойындағы ерекшеліктерін аша түседі. Кез-келген баланы алдымен музыка үйірмесіне жаздырса, оның басқа үйірмелерге де зейіні ашылып, үлгерімі арта түседі. Осы ретте, баланы музыка мектебіне берудің 5 пайдасын ұсынып отырмыз.

1. Әлемнің барлық ғұламалары музыка сабағын оқыған. Өйткені, ол баланың дамуына тікелей әсер етеді.
2. Музыкалық сыныптар ерік-жігер мен тәртіпті үйретеді. Өйткені, бала үздіксіз дайындалу арқылы жалқаулықтан арылып, жауапкершілікті сезіне бастайды.
3. Музыкамен айналысатын бала математикалық қабілетін дамытады. Ол кеңістікте оң жақ кілттерге қол жеткізіп, дерексіз дыбыстық фигураларды басқаруды үйреніп, есте сақтау қабілеті артады. Мәселен, Альберт Эйнштейннің скрипка ойнағаны кездейсоқтық  емес. Ал, Оксфордтағы физика профессорлары мен математика профессорларының  70% музыкалық клубтардың мүшелері болған.
4. Музыка мен тіл егіз ұғым. Музыкамен айналысатын баланың тілі тез дамып, оның сөйлеу мәдениеті қалыптасып, жазушылық қыры ашылып, тіпті, шет тілдерін де тез меңгереді. Өйткені, музыкамен айтылған сөз баланың жадында тез сақталады.
5. Музыкалық сабақтар коммуникативті дағдыларды дамытады. Балалар музыканы оқи отырып, Моцартпен,  Прокофьевпен, Бахпен және басқа да көптеген әр түрлі музыкалық тұлғалармен танысады. 
07 қараша 2018 ж. 2 578 0