№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БҮЛДІРШІНДЕР Бәсекесі

БҮЛДІРШІНДЕР Бәсекесі

Бала – қоғамның басты байлығы. Бүгінгі бала – ертеңгі елдің қозғаушы күші. Міне, осындай тіректі сөзді негіз еткен мәдени шара аудандық мәдениет үйінде «Бақытты балалық шақ» тақырыбымен орын алды.

Аудандық білім бөлімінің ұйымдас­тыруы­мен жүзеге асқан мәдени шараның өтуіне «Рауғаш» балабақшасы мұрындық болды. Сахна маңын балдырғандардың сүйіктісіне айналған «Микки маус», «Спанч боб», «Қоян», «Аю» сынды мульт­фильм кейіп­керлері той-думанға айналдырып, сәнді безендірулер көрген көзді еріксіз жаулады. Салтанатты шараның ашылуында сөз алған аудандық білім бөлімі басшысының орын­басары Мейірхан Оспанов:

– Баланың тұлғалық дамуына ықпал етуші күштің бірі – балабақша. Бүгінгі баланың отбасынан тыс уақыты балабақшада өтеді. Сондықтан, оның ақыл-ой санасын қалып­тастыруда, адами қасиетін дамытуда тәрбиешілердің атқарар рөлі зор. Ендеше, ел үмітін ақтар ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде ерінбей еңбек ете беріңіздер.Төл мереке құтты болсын, – деді.
Әрі қарай сөз алған аудандық білім бөлімінің балабақша ісі жөніндегі әдіскері Фатима Тұртанова жиылған жұртты балалар мейрамымен құттықтап, игі тілегін жеткізді.
Осылайша, сән-салтанатымен өрбіген мереке 6 кезеңнен тұратын додамен жалғасын тапты.
«Кел, танысайық балақай!», «Өнерлінің қолы алтын», «Жазғы сән шеруі», «Білгіш болсаң, озып көр!», «Бақытты балалық шақ, «Тәрбиешілермен бірге ертегіні сомдау» сынды кезеңдерде бүлдіршіндер мен тәрбиешілер бар өнерін паш етті.
Аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие әдіскері Фатима Тұзақбайқызы, «Меруерт» балабақшасының музыка жетекшісі Гүлжан Шерубаева, «Балғын» балабақшасының әдіскері Зәуре Пірманова әділқазылық еткен сайыстың жеңімпаздары бағалы сый-сияпаттарға (түрлі ойыншықтар мен көркем туындылар) қол жеткізіп, арнайы «Алғыс хатпен» марапатталды.

Ханым ТӨРЕХАН.
01 маусым 2019 ж. 1 041 0