№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жан жытарын аямағанлулық

Жан жытарын аямағанлулық



Қазіргі  таңда  үздіксіз  білім  беру еліміздің ертеңі – өсіп  келе жатқан ұрпақтың  білімімен өлшенеді. 
Ел ертеңі тәрбиесінің негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп, ол – балабақша. Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Білімді,  жан-жақты  қабілетті  ұрпақ  ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Жаңа заман баласы – ертеңгі еліміздің  болашағы. Бүгінгі әңгімеміз Жаңақорған кентінде «Кәусар-Д» балабақшасының  іргетасын қалаған Айгүл Ержанқызы туралы болмақ.
Кейіпкеріміздің «Кәусар»  атауын таңдауының мәні – таза, мөлдір пәк бүлдіршіндердің балалығы тәтті де, шынайы болса деген ниет. Бала­бақшаның ашылғанына 9 жыл, ал өзінің білім саласында еңбек етіп жүргеніне 26 жыл болыпты.  Бала­бақша 75 балаға арналған. Мұнда 3 топ Балдырған, Жауқазын, Балдаурен топтары бар. 
–  Тәрбие мен білім – егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер жаңарып, то­лығып жатыр. Осы талаптан табылған тәрбиешілеріміз бала тілін дамытуда жаңа әдістерді қолданады. Біздер, тәрбие бағытын бес сала бойынша іске асырып,  ойын түрінде балалардың бойына білім нәрін егуге тырысамыз. Тілін дамытып ортаға бейімдейміз. Қарапайым математикалық ұғым­дарын қалыптастыру арқылы оң мен солын, ұзын-қысқа, үлкен-кішісін ажыратуға, жапсыру, мүсіндеу, сурет салу арқылы шығармашылығын да­мытуға, түрлі ойындар арқылы әлеуметтік ортаға бейімдеуге мән береміз, – дейді ол.
Бүлдіршіндердің қоршаған орта­да табиғат құбылыстарымен жақын­ырақ танысуына жағдай жасалған. Балдырғанның шынығып өсуіне де зор көніл бөлінуде.
Тәрбиешілер балаларға білім бе­ру үшін баланың іс-әрекеті, ойын арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттырып, көздеген мақсатқа жетуде тынбай тер төгіп келеді. Балабақшада логопед, пси­холог, хореограф мамандары жұмыс жасап келеді екен.
 Аса сабырлықты, шыдамдылықты, жылулықты жандарына серік еткен тәрбиешілердің арқасында бүлдір­шіндеріміз бірнеше сайыстарға қа­тысып жүлделі орындар алып жүр екен. Мәселен, «Шоқ жұл­дыз» ау­данаралық семинарында бала бағ­бандары іс-тәжірибе алмасты.  Бала­­бақ­шада баланы ең алдымен тәр­­тіпке, жауапкершілікке үйре­теді. Отбасындағы тәрбие мен балабақ­шадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады. Қазіргі заманда әр отбасында дүниеге келген сәбиді, өсіп жатқан буынды өзінің ана тілінде сөйлету – ұлттық қасиетіміздің да­муының бірден бір жолы. Ана тілі­нің қадір-қасиетін жастайынан түсі­ніп өскен бала жақсылыққа жа­ны құмар, таза, пәк, инабатты  биязы болып өседі. Аталмыш балалар мекені осы қағиданы басты мақсат санайды.
Әсел Ибрагимова
10 сәуір 2022 ж. 306 0