Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Өнерімен өрге жүзген

Өнерімен өрге жүзген

«Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады» демей ме? Мәдени-танымдық өрісімізді кеңейтуде Бақыт Асылбеков өнімді еңбек етіп жүр.Бүгінде шәкірттері облыстық, республикалық байқауларда жүлде алып жүрген Бақыт Тілеуханұлы Қожамберді ауылдық клубында сүйемелдеуші ретінде еңбек етеді. Онда «Балбұлақ» домбыра және «Қаратау» гитара үйірмесіне жетекшілік етіп, талантты талапкерлердің өнерін шыңдап жүр.
– Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік универстетінде музыкалық білім алғаннан кейін еңбек жолымды Төменарықтан бастадым. Сол жылдары «Достық» ансамблі болатын, соның жетекшісі болдым. Содан бері мәдениет саласында еңбек етіп келемін, – дейді ол.
Оның алғашқы шәкіртінің бірі Бақдәулет Каренов аудандық гитарашылар байқауында бас жүлдені жеңіп алса, тағы бір шәкірті Ақтілек Тілеухан аудандық гитарамен ән айту сайысының жеңімпазы атанды.
«Өнер таусылмас азық, Сарқылмас байлық» демекші, өнерін өміріне балайтын өнерпаз бір шаңырақтың отағасы, асқар тау әке. Жұбайы Жұпаркүл Түменбаева екеуі 6 ұлға тәлімді тәрбие беріп, олардан немере сүйіп отырған ұлағатты отбасы. Өнерпаздардың басын қосқан шаңырақта артынан ерген ұрпақтары да осы салаға жандары жақын. Мәселен, 1993 жылғы ұлы Әділет Тілеухан Т.Жүргенов өнер академиясында білім алған, әнші, асаба. Шымкент қаласында өткен Республикалық «Дарын» сыйлығының лауреаты. Ал, 2011 жылғы Нұрислам Тілеухан гитарада шебер ойнайды. Ол биыл Ақтөбе қаласында өткен Табылды Досымов атындағы Республикалық «Сәйгүлік» ересектер арасындағы байқауында ауданның намысын қорғап, 2-орынды қанжығасына байласа, тағы бір ұлы Айдын Тілеухан музыкант, ауданға белгілі әнші.
– Жалпы, өнер таңдап қонатын бақ. Қанмен келетін қасиет. Содан болар, балаларымыз да туғаннан музыкаға жақын болып өсті. Бірақ мен балаларымның жан-жақты болып жетілгенін қалаймын. Орталарында сыйлы болса, қай салада болмасын Отанына адал қызмет ететін еңбек майталманы болса деймін, – дейді гитарашы.
Байқағанымыздай Бақыт Тілеуханұлы ұрпақ тәрбиесін киелі өнерге ғана баулып қоймай, адамгершілік пен ұлтжандылыққа да тәрбиелеуде.
Иә, «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, өнерін өміріне серік еткен кейіпкеріміз өнерімен қатар өнегелі отбасының тұтқасы. Ұлттық құндылықтарымызды құлдыратпай ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен отбасының алар асуы әлі алда деп сенеміз.
11 желтоқсан 2022 ж. 379 0