№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Асылдың сынығы


Қазақта «Асылдың сынығы» деген әдемі тіркес бар. Өнер әркімге қона бермейтін бақ. Сондай бақтың біріне Сырым Манапты жатқызуға болады. Оның бір басына Жаратушы сан өнерді дарытыпты. Олай демей ше, ол төл аспаптан бөлек, гитара, фортапиано, домбыра примада, контрабаста еркін ойнайды. Талантты жастың талабы да таудай – өз ауылында оркестр құрмақшы.


– Мен күй ойнап, ән қалықтаған, ақындығы бір төбе шаңырақта өмірге келіппін. Манап Көкеновтың немересі ретінде өнерден өз еншімді алуым тиіс. Осы бағытта талаптанып, еңбектеніп келемін. Атамның асыл бейнесіне кір келтірмеу менің азаматтық борышым, – дейді жас талант.
2013-2017 жылы Қызылорда қаласындағы Қазанғап атындағы музыкалық мектепте білім алғаннан кейін туған жерінде қызмет етуге бел буады. Алғашында домбыра, гитара, пианинодан үйірме сыны­бын ашып, кейін мәдени ұйым­дастырушы болып ауылдан халық аспаптар оркестрін құруды басты мақсаты санайды.
– Бүгінде таланты жастар жетерлік. Солардың басын қосып өнерге баулысам, ауылдың атын шығарып, өнердің дамуына үлес қоссам деймін. Маған әрдайым әкем Убайдулла мен анам Бақыт қолдау көрсетеді, – дейді ол.
Талантты жас қамқорлық көр­сетіп жүрген әріптес аға-әпке­лерінде тілге тиек етті.
– Осы мәдениет саласында қызмет еткелі аудандық мәдениет үйінің директоры Зүлфия Шалабаева бағыт-бағдар көрсетіп, шынайы жа­на­­шырлық танытып жүреді. Оның белсенділігінің арқасында об­лыс­тық, республикалық байқаулар ау­дан төрінде өткізіле бас­тады. Әсіресе жастармен жұмыс жасап және жастарға жол көрсетіп, мәдениет саласының қыр-сырына баулып жүреді, – деп өнердегі қол­даушысы жайлы айтты.
Сырым Манаптың жетістігі бір төбе. «Үздік жас маман» облыстық байқауында олжа алды. «Үздік жас маман» аудандық байқауында оза шауып, бас жүлде алып, «Көнеден жеткен күй күмбір» атты аудандық күйшілер байқауында дараланды.
Бүгінде «Қаратау қазынасы» халықтық фольклорлық ансамблінің мүшесі.
Үйірмедегі жетістіктеріне тоқ­талсақ, «Күй атасы – домбыра» атты аудандық домбырашылар бай­қауында үйірме мүшесі Маржан Әбдіманап жүлдегерлер қатарынан көрінді. Домбырашылар ансамблі аудандық «Жас талант» байқауында үшінші орынды иемденді.
«Бір өзі – бір театр» атанған халық ақыны Манап Көкеновтің немересі Сырымның алға қойған мақсаттары жетерлік. Ешкімге еліктемей, өнер жолында өзіндік жол қалдырсам деген оның тума дарындылығы, ақынжандығы өнер­ге адалдығы оның ішкі жан дү­ниесін айнадай ашып береді. Жас таланттың бағындырар биіктері әлі алда. Біз оған өнер жолындағы қанатың талмай, тек биіктен көрін деп тілейміз.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
23 қараша 2020 ж. 632 0