№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ


Алматы қаласында өткен Х-халықаралық «Ғұмырдария» байқауында жаңақорғандық бір топ жас өнерпаз топ жарды. Үздік атанып, үш бірдей бас жүлдені қанжығаға байлаған өнерлі өрендер аудан абыройын асқақтатты. Бұл туралы бізге аудандық Әлшекей атындағы өнер мектебінің директоры Қалдыбай Қошқарбаев хабарлады.
– Қазақстан халқының бірлігі күні өткен Халықаралық «Ғұмырдария» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән-би және өнер байқауы биыл оныншы мәрте жалауын көтерді. Байқауға Қазақстаннан өзге 12 мемлекеттен 600-ден астам жас өнерпаздар қатысты. Әрине барлығының да діттегені – байқау жеңімпазы атану. Десе де, әділ қазылардың шешімімен жаңақорғандық өрендер 3 бірдей бас жүлде, 2 күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл да болса, аудандық өнер мектебінің үлкен жетістігі, – дейді Қалдыбай Қошқарбаев.
Халықаралық байқаудың «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша Сұлтанмахмуд Төлегенов пен Ералы Ескендір бас жүлдесін иеленді. Ал, Қансейіт Нұрасыл күміс жүлдені қанағат тұтты. Үш өнерпаздың жетекшісі, аудандық Әлшекей атындағы өнер мектебінің «Вокал» тобының мұғалімі Құралай Әлиева шәкірттері жайлы пікірін білдірді.
– Бұл байқау жас жеткіншектердің өнерін шыңдауға үлкен мүмкіндік. «Эстрада вокал» тобында 72 үміткер бақ сынады. Бірақ «бұйырған кетпейді» демекші, үш әншіміздің де бағы жанып, жеңіс тұғырынан көрінді. Айрықша атап өтерлігі, байқау қорытындысы бойынша Сұлтанмахмуд Төлегенов бұған дейін де бұл дүбірлі өнер додасының бірнеше дүркін жеңімпазы ретінде «Үздік бас жүлде» Дипломымен және байқау үздігі ретінде халықаралық «Ғұмырдария» байқауына 10 жыл» мерекелік медалымен марапатталды. Оған қоса, Сұлтанмахмуд Абайұлы 21-мамырда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Майра Ильясованың арнайы шақыртуымен Астана қаласындағы Конгресс Холлда өтетін «Жұлдыздар шырқайды» байқауына қатысады. Әрі Майра Ильясовамен бірге халық әні «Беу, айдай» әнін орындайды, – деді Құралай Әлиева.
Сондай-ақ халықаралық байқаудан жаңақорғандық мың бұралған бишілер де құралақан қайтпады. Би өнерінің майталман маманы Гүлнар Ибадуллаеваның «Аққу» би тобы өзіндік қалыптасқан ерекшелігімен байқаудың бас жүлдесіне ие болды. Ал, аудандық Әлшекей атындағы өнер мектебінің би сыныбы үйірмесінің жетекшісі Ажар Қабланованың «Назерке» би тобы жүлделі ІІ-орынға тұрақтады. Осыдан-ақ ауданның би өнеріндегі бәсі биік екенін аңғаруға болады.
Иә, өлең-жырдың, қазақы өнердің қара шаңырағы аудан орталығындағы – Әлшекей атындағы өнер мектебі талай таланттың түлеп ұшқан алтын бесігі. Бұл мәдениет ошағы мектеп оқушылары мен жергілікті жастардың қабілетін шыңдап отырған киелі мекен. Жеткіншек бойындағы жылт еткен ынтаны дамытудан үйірме ұстаздары аянған емес. Соның айқын бір дәлелі – халықаралық байқаудан үш бірдей бас жүлдені жеңіп алып, аудан абыройын асқақтатуы.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
11 мамыр 2018 ж. 1 989 1

MatTrem от 16 маусым 2019 01:35
Amoxicillin 400 5 Cialis Sans Ordonance Cialis Femenino viagra online pharmacy Baclofene L'Express Zithromax Treatment For Gonorrhea