АУЫЛ КӨРКІ АДАМЫМЕН
Төменарық ауылдық округі тұрғындары елді мекенді таза ұстауда тазалық акциясын ұйымдастыруды жүйелі жолға қойыпты. Жанашырлықтан туған бұл бастама мамыр айының ортасына дейін жалғасын тауып, ауыл көркі тазалықтан бастау алатынын өзге елді мекендерге үлгі етіп келеді екен.
– Жыл бойы жалғасқан акцияның мақсаты ауылымызды көркейту, абаттандыру, тұрғындар назарын айналасын таза ұстауға аудару, – дейді ауыл әкімі.
– Аталмыш акцияға ауылдағы мекеме қызметкерлері мен тұрғындар қатысып, көшелерді күл-қоқыстан, сарғайған жапырақтардан тазартты. Бұл өз кезегінде өмір сүріп отырған қоршаған ортаның тазаруына септігін тигізді. Түптеп келгенде айналамыздың таза болғаны өзімізге керек. Сондықтан туған жерімізді көркейте түсуге жұмыс жасау әрбір тұрғынның парызы, – деді ол.
Ауыл басшысының сөзінше, акция аясын кеңінен өткізуде ауылдағы 31 көшенің әрқайсысына арнайы көше комитеті сайланып, жауапты тұлға ретінде бекітіліпті. Алдағы уақытта олар көршілердің жақсы тұруы мен тазалыққа үнемі атсалысуына ұйыымдаса жұмыс жасайтын болады. «Жас келсе іске» демекші көше комитеттері әуелі тазалық акциясына жастарды тартқан. Өйткені жастар¬дың бойында отансүйгіштік қаси¬ет атамекенді қадірлеуден басталады.