№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » Толғауда толғау сөздер бар

Толғауда толғау сөздер бар


Ұлттық өнердің алтын діңгегі іспеттес, төкпе жырдың тамыры терме өнері Сыр өңірінде ерекше дамыған. Оған өңірден шыққан Есіркеп Қоңқабаев, Құтбай Дүрбаев, Ерлан Исмайылов, Болат Нұрымбетов тағы басқа осы секілді есімі елге белгілі жыршы-термешілер мысал бола алады. Олардың ізін жалғаған Мұхтар Ділдабев сынды өнер иелері қазақтың төл өнерін насихаттауда.

Термешілердің киінгі толқыны өсіп келе жатқанын аудандық өнерпаздар байқауының термешілер сайысына келген дарынды жастардың қадамынан аңғардық. Жырдан шашу шашып, Сыр өңірінің мақамын жаңғыртуға келгендер төкпе өнердің биігін көрсетті. Сайыс қортындысында Бағдат Нақыпов бірінші орынды иеленді. Қазақы болмысымен ерекшеленген Қожамұрат Әлімқұлов екінші сатыдан көрінді. Соңғы уақытта түрлі қырымен бой көрсетіп жүрген Берік Мамуов үшінші орынға лайық саналды..
20 сәуір 2018 ж. 2 060 0