№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » БЕСАРЫҚТАҒЫ БАЙҚАУ

БЕСАРЫҚТАҒЫ БАЙҚАУ



Бесарық ауылдық округі "Бесарық ауылдық клубында" Елбасының Болшаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасының аясында Жаңақорған аудандық "Нұр Отан" партиясы филиялының бірінші орынбасары Балқожаев Мәжит Байқожаұлының қолдауымен,Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Аягөз Айдосова, Бесарық ауылдық округінің әкімі Әлібек Абдуллаев,"Бесарық ауылдық клубының" ұйымдастыруымен.«Менің биім әдемілік әлемім» атты бишілер сайысы, Ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай «Ат қосам дейді бәйгеге» атты күйшілер сайысы, Қазақтың жыр-термелерін насихаттау мақсатында "Толғауда толғау сөздер бар" атты термешілер байқауы, Манап Көкеновтың 90 - жылдығына арналған "Боз даланың бұл-бұлы" атты жас-жазба ақындар мүшәйрасы болып өтті. Бұл аталмыш іс-шараны "Түгіскен балалар өнер мектебінің" оқушылары жергілікті күйші,сазгер Бәден Айсыновтың "Наурыз" күйімен ашып берді. Бұл-шараға ауданымыздағы барлық ауыл округтерінің өнерпаздары қатысты. Іс -шараны Жаңақорған аудандық "Нұр Отан" партиясы филиялының бірінші орынбасары Балқожаев Мәжит Байқожаұлы ашып беріп барлық қатысушыларға сәт- сапар тіледі. Бүгінгі іс-шараға қатысушылар Дипломдар, Алғыс хаттар және бағалы силықпен марапатталды. Бишілер сайысы бойынша: I-орын "Мереке" думан би тобы Бесарық балалар өнер мектебі. I-орын "Шашу" би тобы Арман мәдениет үйі. II-орын "Құндызай" би тобы №239 мектебі. II-орын "Еркеназ" би тобы "Әлшекей" өнер мектебі. III-орын "Қарақат" би тобы Түгіскен өнер мектебі. Мүшәйра бойынша: I-орын Бижан Наржан.II-орын Айман Ибрайымова.III-орын Сыздықов Жәнібек.Күйшілер бойынша: I-орын Сері Әлмахан .II-орын Жәнібек Назерке.III-орын Бакиров Фархат. Термешілер сайысы бойынша: I-орын Накипов Бағдат.II-орын Әлімқұлов Қожамұрат.III-орын Мамуов Берік. Шара соңында Бесарық ауылдық клубының директоры Рашид Нальтаевке "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Е.Байтілестің "НҰр Отан" партиясының "Алғыс" хатын, Жаңақорған аудандық "Нұр Отан" партиясы филиялының бірінші орынбасары Балқожаев Мәжит Байқожаұлы табыс етті.Шара өз деңгейінде өтті.
19 сәуір 2018 ж. 1 300 0