№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Өмекеңнің "әдемілік әлемі"

Өмекеңнің "әдемілік әлемі"

Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде «Әдемілік әлемім» атты Өмірзақ Оспанбековтың шығармашылық есеп беру кеші өтті. Қазақ өнерге бай халық десек, өнер әлеміндегі би саласы, оның ішінде, ұлттық би жаңа биікке көтеріліп келеді. Айтулы шараға Павлодар облысы, Успен ауданының мәдениет саласының қызметкерлері де қатысып, рухани серпіліп қайтты.

Осынау кештің кейіпкері біздің мақтанышымыз, Бесарық өңірінің біртуар азаматы, Бесарық ауылдық клубының жанынан құралған «Мереке думан» би тобының жетекшісі Өмірзақ Оспанбековтің шығармашылық кеші өте әсерлі өтті. Оны көрермендердің ерекше ықыласынан байқауға болады. Рас, би – үлкен өнер. Ал, үлкен өнерді адам тек көзбен көріп қана қоймай, жүрекпен сезініп, түйсінетіні ақиқат. Өйткені, адамның жан тебіренісі мен айтар ойын қимылмен жеткізіп, тіл бітіру тұнып тұрған талантты талап етеді. Осындай талаптардың табалдырығынан табан аттаған биші, ұлағатты ұстаздың би қойылымдары бірінен кейін бірі сахналанды.
Би – ұлттық дәстүрді, салтты танытатын өнердің төресі десек артық айтқандығымыз емес. Сайып келгенде, бидің арқауы адамның жан дүниесі, ішкі сезімдердің қимыл-қозғалысы, – деп Өмірзақ аға әдемі айтты.
– Би өнерін дұрыс оқыту тарихымызды, ұлттық салт-дәстүрімізді, ұлттық сазымызды таныта отырып тәрбиелеу. Қазақ қандай биге болса да қабілетті. Би өнерінде әлем халқын мойындатарлық қауқар бар. Сонымен қатар оқушының дене бітімінің сымбатты қалыптасуына ықпалы зор, нағыз денсаулықты шыңдайтын өнер. Мектепте пән ретінде оқытылса салауатты өмір салтын сақтау оқушы кезден бастау алады. Бұл дегеніміз қоғамымызды шет елден ауып келіп жатқан кертартпа әдеттерден сақтайды. Айта кететіні, қазақтың қай биі болмасын ұлттық дәстүрімізді, салтымызды әлемге паш ететін өнердің төресі, – деді Бесарықтың балетмейстері.
Қызық, би – сөйлемейтін өнер түрі болса да, іс-қимыл арқылы бәрінде ұғындырып-ақ тұрады. Кеш соңында, ақын Ерсұлтан Мұстафаев кештің басты кейіпкері Өмірзақ Оспанбековке арнау өлеңін оқып берді.
Айтулы кешке, арнайы Солтүстік өңірден келген қонақтар да дән риза.
– Мына би қойылымдарына қарап, би тынымсыз ізденіс, түбегейлі нәтижені талап ететін өнердің бір түрі екеніне көзім анық жетті. Қазақ халқының би өнері өзіне ғана тән ұлттық бояуымен ерекшеленеді. Өйткені, ол ұлттық музыка және ұлттық поэзия жанрларымен біте қайнасып ұзақ тарихты басынан өткеріп келеді. Біздің биіміз күй, әннің сазына қосылғанда ғана өзіне үйлесімді әсемдікке ие болады. Осы билерді қазақы ою-өрнектермен безендірілген ұлттық киімдермен билегенде қимылдарының сипаты күшейіп, ұлттық бояуы анық айшықтала түсетінін көрдік. Міне, осындай асыл өнерді Өмірзақ Оспанбеков ағамыз меңгеріп қана қоймай, жұртшылыққа әдемі жеткізудің сырына әбден қаныққан екен, – деп жүрекжарды лебізін білдірді павлодарлық Омарғазы Күлайдар.

Әсел РЗАЕВА
04 шілде 2021 ж. 428 0