№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Бидің сәні бола ма, билемесе...

Бидің сәні бола ма, билемесе...


Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылдық клуб үйінде өткен «Халық талғамына сай қызмет көрсетудің жаңа әдістемесі» атты семинар-кеңес би өнеріне тоқталды.


Жалпы қазақтың би өнері дегенде қазақ биінің негізін қалаушы, қазақ биін әлемге танытқан Шара Жиенқұлова апамыз елестейтіні рас. Би – сөйлемейтін өнер түрі. Бірақ адамның жан тебіренісін, айтар ойын қимылмен жеткізеді. Қимылға жан, тіл бітіру тұнып тұрған философия десек, әр халықтың ұлттық ерекшелігіне орай би өнерінің де мазмұны әртүрлі болып келеді.
«Менің биім – әдемілік әлемім» атты ІІ-ші аудандық бишілер сайысының ұйымдастырылуына ұйытқы болған Өмірзақ Оспанбеков пен Индира Құрбанова қатысушыларға биден шеберлік сағатын өткізіп, мәдениет саласының қызметкерлерінің көңілін көтеру мақсатында бір билеп те алды.
– Би өнерін дұрыс оқыту тарихымызды, ұлттық салт-дәстүрімізді, ұлттық сазымызды таныта отырып тәрбиелеу. Сонымен қатар оқушының дене бітімінің сымбатты қалыптасуына ықпалы зор, нағыз денсаулықты шыңдайтын өнер. Мектепте пән ретінде оқытылса салауатты өмір салтын сақтау оқушы кезден бастау алады. Бұл дегеніміз қоғамымыз шет елден ауып келіп жатқан кертартпа әдеттерден сақтайды. Айта кететіні, қазақтың қай биі болмасын ұлттық дәстүрімізді, салтымызды әлемге паш ететін өнердің төресі, – деді Бесарықтың балетмейстері атанып кеткен Өмірзақ Опанбеков.
Аталмыш сайысқа Роза Еставаның жетекшілігімен өзгенттік «Роза гүлдер», Жадыра Ахметованың жетекшілігімен жаңарықтық «Томирис», Раушан Шаметованың жетекшілігімен қосүйеңкілік «Ақ жұлдыз», Өмірзақ Оспанбековтың жетекшілігімен бесарықтық «Мереке-Думан», Нұрханша Қыпшақбаеваның жетекшілігімен бірліктік «Еркесылқым» және Назгүл Оразбекованың жетекшілігімен әбдіғаппарлық «Назгүл» би тобы бақ сынады.
Би бәсекесіне төрешілік жасағандар қатарында өнер ардагері Айымкүл Айсынова мен Фархад Бакиров болды.
Бесарық ауылдық клубының «Мереке-Думан» би тобы үздік қырымен танылса, жүлделі екінші орынды Бесарық ауылынан келген «Еркесылқым», үшінші орын өзгенттік «Роза гүлдер» би тобына бұйырды. Қалған топтар да белсенділік танытып қатысқаны үшін арнайы Алғыс хатпен марапатталды.
Семинар соңында шараға белсенділік танытқан қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.

Лаура БИБАСАРОВА
21 қыркүйек 2019 ж. 916 0