Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қоштасудың қиыны-ай...

Қоштасудың қиыны-ай...

  25 мамыр. Бұл – 11 сыныпты бітірушілер үшін қимастықтың күні. Ал, бітіргеніне 10, 20 жыл болған түлектер үшін ұлағатты ұстазбен қауышатын, алтын ұясымен табысатын – күн. Мектеп бітірушілердің қиядан қанат қаққанын қызықтаған балдырғандар үшін ерекше серпіліс болса, мұғалім үшін шәкірттерді өмір жолына аттандырар ерекше күн.
   Жылдағы дәстүрге сай, соңғы қоңырау мерекесінде осындай ерекше көріністердің куәсі болдық. №192 Келінтөбе орта мектебінде ұйымдастырылған «Қош бол, мектеп – алтын ұям» атты мерекелік шарада жас түлектердің қимастығы, ұстазға, мектеп ұясына деген құрмет-ықыласы байқалды.
  Сан тараулы тарихы бар білім ордасының мерейлі мерекесіне ортақтасып, арнайы келген қонақтар көп болды. Олардың қатарында ауыл имамы Исамутдин Үсенов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Керімхан Егізбаев, Зада , Шынар, Тұмар, Бибсара сынды мектептің зейнеткер ұстаздары болды. Салтанатты шарада сөз алған мектеп директоры Қалдықыз Досжанова:
  – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауларында – «Бәсекеге қабілетті ұлт болудың шарты – білімді ұрпақ» деген болатын. Біз де, осы мақсатты орындау барысында жүйелі жұмыс жасап келеміз. Заман талабына сай, үштілділікті жетік меңгерген, жан-жақты дамыған, ақпараттық-технологиялық тұрғыда сауатты, толирантты, елжанды тұлға дайындадық деген сеніміміз мол. Сондықтан, бітіруші түлектер осынау киелі шаңырақ пен ұстаздардың үмітін ақтап, ЖОО-на түсіп, білімнің биік шыңын бағындыруға тілектеспін, – деді.
  Сондай-ақ, республикалық би сайысында 2 орын иемденген, «Айнамкөз» би тобына арнайы «Алғыс» хат табыстап, жетекшісі Зулая Мәткәрімқызына «Үздік жетекші» төсбелгісін табыстады. Аудандық олимпиадада жеңімпаз атанған Аягөз Мырзагелді мен Еркебұлан Әбтай, М.Мақатаев оқуларының аудандық жеңімпазы Нұрболат Құтымбай жүлделі дипломға қол жеткізді.
  Әрі қарай ашық аспан астында ақ көйлек, ақ фартукпен сәнделген жас түлектер әуезді әнін айтып, қимастық лебізін көркемсөзбен шеберлеп жеткізді. «Вальс» әніне қаз-қатар тізіліп, қол ұстаса би билеген түлектердің кереметтей көріністері жиылған жұртты таңқалдырды. Аға буынның өнеріне таң қалысқан жас өрендер де қалыс қалмай оларға арнап, ізгі тілектерін жеткізді. Армандар мен тілектерді алысқа ұшырып, көк аспанға қалықтатты. Тағы да бір өрендері өмірге қанат қақса, бастауышты бітіргендер соңғы қоңырау үнін тоқтаусыз сылдырлатты.
  Айта кететіні, бүгінде 762 оқушысы бар қасиетті шаңырақпен 55 түлек қоштасты. 1991,1982 жылғы мектеп түлектері ауыл әлеуетінің артуына ықпал жасап, көптеген игі іске ұйытқы болысыпты. Атап айтсақ, ауыл жастарын имандылыққа бастау мақсатында Құран жарысын өткізіп, жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар үлестірген. Мектеп үйінің көгалдануы үшін қажетті көмек көрсеткен.

Ханзада ДОШАН.


28 мамыр 2019 ж. 1 302 0