№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АСТАНА КҮНІ АЯСЫНДАҒЫ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

АСТАНА КҮНІ АЯСЫНДАҒЫ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ


Ел Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға пәрмен берген болатын. Аталмыш, жоба мақсаты – туып-өскен ортаға барынша жақсылық жасау, туған жерге тағзым ету арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа үндеу. Осы тұста, Астана күні мерекесі қарсаңында кент орталығындағы №51 орта мектептің 1968 жылғы түлектері 50 жылдан кейін бас қосты. «Елу жылда – ел жаңа» демекші, еліміздің түпкір-түпкірінен келген бұрынғы жас түлек бүгінгі ақжаулықты ана мен ел ағалары арқа-жарқа қауышып, емен-жарқын әңгіменің тиегін тарқатты. Олардың әрқайсысы Қазақстанның өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, қолтаңбасын қалдырған қазыналы қариялар. Олардың арасында ҚР Журналистика саласының «Еңбек ардагері» медалінің иегері Пахмаддин Айнақожаев бастаған ел ағалары қатарында А.Нәбиев, Ж.Машаев, Р.Жұмабекова, С.Әбдіғаппарова, М.Әбсаттарова, М.Тұрсынхожаев, Б.Өтебаева, Т.Қайназарова, С.Бегімбетова, С.Қыдыров бар. Иә, олар осыдан 50 жыл бұрын білім ордасын тәмамдап, түрлі мамандықтың иесі атанған түлектер сан салалы қызметті абыройлы атқарып, бейнетінің зейнетін көруде.
05 шілде 2018 ж. 1 553 0