Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » Танысын балағаттаған қызылордалық қоғамдық жұмысқа тартылды

Танысын балағаттаған қызылордалық қоғамдық жұмысқа тартылды

Қызылорда тұрғыны WhatsApp желісі арқылы танысын балағаттағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды.

Жыл басынан Қызылорда қалалық пробация есебінен 40 адам қоғамдық жұмысқа тартылған. Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация есебінде 11 азамат қоғамдық жұмыстар атқару арқылы жазаларын өтеуде. Солардың бірі, Қызылорда қаласының тұрғыны Т., есімді азамат танысына WhatsApp желісі арқылы балағат сөздер жазған.
Сот үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің ҚК-нің 131- бабының 2- бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 60 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалған. Мамыр айында пробация есебіне алынып, сотталған Т-ға пробация қызметкерлері жаза өтеу тәртібі мен сот жүктеген міндеттерін толық түсіндірді. Қазір бұл азамат жергілікті әкімдік белгілеген қоғамдық орындарда абаттандыру, көшелерді тазалау сынды жұмыстарды атқарып жүр.
02 маусым 2021 ж. 909 0