Жаңақорғанда бұрын сотты болғандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмекесі өтті
Жаңақорған ауданындағы «Халықты жұмыспен қамту» орталығында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімі, аудандағы жұмыссыз жастарға, пробация есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, әлеуметтік бейімделуі мен оңалуын ұйымдастырып, жұмыспен қамту үшін «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізді.
Жәрмеңкеге пробация қызметінің есебінде тұрған 7 азамат жұмыс іздеуші ретінде қатысты. Жұмыс беруші мекемелерден 185 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеде құрылыс мамандықтарына сұраныстар болды.
Нәтижесінде, пробация қызметінің есебінде тұрған 2 азамат «Газремонтаж» ЖШС-не, бір азамат квотамен «Азнабай» шаруа қожалығына жолдама алды.