Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Есепте тұрғандарға 1 миллион теңге берді

Есепте тұрғандарға 1 миллион теңге берді


Жақында аудандық полиция бөлімінде Елбасының «Ұлт жоспары – Қазақстанды арманға бастайтын жол» атты мақаласынан туындаған «Пробация туралы» заңын кеңінен түсіндіру мақсатында алқалы жиын өтті.

Оған аудан әкімінің орынбасары Адай Салыбеков, аудан прокуроры Дарын Елтайұлы, ауданның полиция бөлімінің басшысы Ғани Тұрсекеев, және «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев қатысты.
Прокуратураның бастамасымен өткен басқосуда 2017 жылдан бастап қолданысқа енген «Пробация туралы» заңын негізге алып, аяғын шалыс басқан жандарды қоғамға бейімдеуге қатысты жұмысты жандандыру керектігі күн тәртібіне шығарылды. Бұл бағытты тікелей бақылауына алған аудан прокуроры Дарын Елтайұлы барлық құзырлы органдарға жауапкершілікті сезініп жұмыс атқару керектігін атап өтті.
Өз кезегінде аудандық пробация қызметінің басшысы Бағдат Дайрабаев:
– Жыл басынан 181 адам қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне өтіп, оның ішінде әйелдер саны – 18 болса, кәмелеттік жасқа толмағандар жоқ екенін айтқым келеді. Уақыт өте келе олардың 68-і есептен шығарылып, қазіргі таңда 113 адам қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандар есебінде тұр. Сонымен қатар пробация қызметі аудандық полиция бөлімімен біріге отырып, 4 рет «Шектеу», «Тәртіп», «Қадағалау», «Шартты түрде сотталғандар», «Пробация» республикалық, облыстық және аудандық көлемде профилактикалық іс-шарасын өткізді. Сотталғандар арасында жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін 5 іс қаралса, оның 1-і сот қаулысымен бас бостандығынан айырылды, – деді.
Келесі кезекте Жаңақорған АПБ ЖПҚБ-нің бастығы, полиция майоры Ербол Әлімбеков те 2019 жылдың 10 айында аудан бойынша «МБШТБ» санаты бойынша есепте тұрған адамдарға қатысты атқарылып жатқан шараға тоқталып өтті. Есепте 12 адам тұратынын, жазасын өтеуде шартты түрде мерзімінен босатылған азаматтар тұрғылықты жеріне келген соң олар ішікі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылатынын және оған бақылау ісі ашылатынын жеткізді. Жыл басынан бері «Шартты түрде сотталғандар» атты жедел-профилактика шарасы өткізілуінің нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылық анықталмағанын баяндады.
Басқосу барысында белгілі болғандай, пробация қызметінде есепте тұрған жастардың мемлекет мүмкіндігін пайдаланып, кәсіпкерлік курсына қатысып, бизнес бастап жатқаны айтылды.
Бұл жөнінде аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Жаңабек Тұрлыбеков:
– Бүгінге дейін пробация қызметіндегі 53 азамат бізге жұмыссыз ретінде тіркелсе, оның 7-і бас бостандығынан айыру орнынан босатылған. Оның 36-сы пробация қызметінің есебінен тұрақты жұмысқа орналасқандар болса, 4-і бас бостандығынан айыру орнынан босатылған. Сонымен қатар жаңа форматта 6 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалса, 2-і ақылы қоғамдық жұмысқа, 1-і «Жастар практикасымен», 3-і әлеуметтік жұмысқа, 3-і аудандық кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау бизнес» жобасы бойынша жаңа бизнес идеяларын іске асыруға мүмкіндік алды, – деді.
Айта кететіні, Дарын Елтайұлы кездесу соңында өз кәсіпкерлігін бастау мақсатында оқыған Хобилжан Ахмадов пен Сәбит Әлібековке 252 500 теңге, ал 505 мың теңге сертификатты Бағдаулет Айтбайға табыстап, кәсіптеріне береке тілеп, бизнестің мүддесі – мемлкеттің мүддесі екенін айтты.

Лаура БИБАСАРОВА
23 қараша 2019 ж. 1 023 0