№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » "Жаңақорған Fest" өнер фестивалі

"Жаңақорған Fest" өнер фестивалі


БҰҰ бастамасымен тойланған халықаралық жастар күні елімізде елеулі мерекеге айналды. Ауданның тоқсан жылдық мерей тойымен ұштасқан шара орталық алаңда ерекше көңіл күй сыйлады. Ауданда тұңғыш рет өткізілген "Жаңақорған Fest" өнер фестивалі өнерлі жастардың басын қост
ы. Кеш барысында әуелете ән шырқаған караоке сайысы, домбырамен өрбіген халық жауһарлары, қолөнердің ерекше түрінен арнайы шеберлік сағаты мен қызықты ойындар бәсекесі кеш көркін одан әрі қыздыра түсті.
Өнер додасында  оқ бойы озғандарға номинациялар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Жас кәсіпкер Мұхтар Шаханов жетекшілік ететін "Нұрсәуле" триосы "Жаңақорған дауысы" номинациясымен, спорт бәсекелерінде асығы алшысынан түсіп жүрген Еркебұлан Еркінұлы "Танылмаған талант" номинациясымен, "Мәнерлі өнер" номинациясы бойынша "Сымбат өнер мектебі", қызықты ойындарға қатысып шаршы топта өзін дәлелдей білген Аружан Әбдіәшім "Топжарған" номинациясымен марапатталды. Қызыққа толы мерекелік шараның қорытындысы әсем әнге жалғасты. 
16 шілде 2018 ж. 1 059 0