№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Талабы таудай Талант

Талабы таудай Талант

Ел ішінен өнерлі өрендерді кездестіргенде бойыңды қуаныш кернейді. Ел ертеңіне деген сенімің арта түскендей болады. Сондай дарынды жастың бірі – Сейітқасым Шакил Шарапұлы.
Шәкил Жаңақорғанның тумасы. Ата-анасының жұмыс бабымен Астана қаласына отбасымен қоныс аударған ол №73 физика-техникалық лицейінің 6 сыныбына көшті. Сыныбында үздік оқушылардың бірі. Өзі кітапқұмар. Әдеби кітаптарды оқығанды ұнатады. Кейінгі кездері Абайдың қара сөздерін жатқа айтып жүр.
– Маған Абайдың қара сөздері даналыққа бастар жол іспетті. Әр сөзінің астары тұнған білім. Оны оқып, көңілге тоқымау мүмкін емес. Кейбір тілге жеңіл болғанымен, ойы терең сөздерін қайталап оқуға тура келеді. Қазақтың бас ақынын оқу арқылы ой-өрісімді дамытып, сөздік қорымды байытудамын, – дейді Шәкил бізбен әңгімесінде.
Әкесі Шарап Сейітқасымұлы: «Ұлым кішкентайынан зерек болды. Айтқанды қағып алатын, көргенін жасауға бейім болып өсті. Менің спортпен айналысқанымды көріп, ол да жаттығуларды қосыла жасайтын. Кейін спорт секцияларына жаздым. Өзім де үйде жаттығуларын қадағалап отырамын. Жаттығудың әрбір қимылын дұрыс жасау баланың дене бітімінің қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Соған қатты мән бердім», – дейді.
Шәкил бүгінде Нұрсұлтан қаласы №3 жасөспірімдер спорт мектебінің бокс секциясының тәрбиеленушісі. Жат­тықтырушысы Ерлан Білібековтің айтуынша, болашақ боксшының аяқ алысы жаман емес. Тактиканы дұрыс меңгеріп тәжірибемен дәлелдеп жүр. Жұдырықтасудың мықты тех­никасын игеріп алса, әлі де талай биікті бағындырары анық. Ол Нұр-Сұлтан қаласында өткен балалар арасындағы облыстық, республикалық турнирлерде орын алып, спорттық мінез-құлқын көрсетіп жүр. Сондай-ақ «Арлан» футбол академиясының тыңдаушысы, футболдан қалааралық чемпионаттардың жүлдегері атанып үлгерді. Осы талабын әлі де шыңдап, еңбегін еселей түссе, талай асуды бағындыратыны сөзсіз.
Талантты жас қаладағы оқушылар сарайындағы домбыра үйірмесіне де қатысып жүр. Қазақтай халықтың бүкіл жан дүниесін аша алатын күй өнерін делебесі қозып орындағанын естіп, тұлай бойың шымырлайды. Шәкилдің мақсаты айқын. Қазақтың қара домбырасын меңгеріп, әлемге таныту. Оның бұл тілегі орындалып, былтыр Дубайда өткен халықаралық фестивальдің жеңімпазы атанды.
«Болам деген баланың, бетін қақпа, белін бу» деген халық даналығы осындай өрендерге айтылғандай. Сабағын үлгілі оқи жүріп, спорт пен өнерді қоса меңгеріп жүрген талант иесінің бағындырар биігі көп, сон­дықтан алар асуың таусылмасын дегіміз келеді!


Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
27 маусым 2020 ж. 617 0