№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » 9 жасар қыздың үлкен эстафетасы

9 жасар қыздың үлкен эстафетасы

Абайдың 175 жылдығын Қожакент ауылының тұрғындары ерекше қабылдап, мектеп оқушылары белсенді қатысуда. Ақынның шығармашылығын насихаттауды мақсат еткен жыр эстафетасына ауылдың 32-ге жуық тұрғыны қатысып, поэзиядан қуат алатынын байқатты.

Ауылдың 9 жасар қызы Ләйлім-Шырақ Ерланқызы «Абай өлеңдерін жатқа оқу» эстафетасын бастап, оны президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын. Осылайша өз жалғасын тапқан эстафетаға Қожакент ауылдық округінің әкімі және азаматтары қатысып, көпшілікке үлгі болды. Осылайша Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа айту эстафетасы арқылы рухани жаңғырудың мәнін арттырды.
Шара аясында Қожакент ауылдық кітапханасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасыр» атты мақаласы оқырмандар арасында насихатталды. «Абай мұрасы- халық мұрасы» атты кітап көрмесіне ақынның өмірі мен шығармашылығы, еңбектері мен танымал тұлғалардың ақын туралы жазылған мақалалары талқыланып, Абайтану ілімінің мән-мазмұнын байыта түсуге мән бердік.
Жалпы жыр эстафетасына қатысушылар Абай әлемі – сарқылмайтын бұлақ, таусылмайтын қазына екенін терең түсінді.
Данышпан Абайдың мол мұрасының кәусар бұлағы – оның таңғажайып жырларынан басқа зерделі ойдың, айдынды ақылдың тереңінен тамыр тартқан – қара сөздері де екені даусыз. Оның қара сөздерін оқыған оқырман өмір сүрудің философиясын ұғынады, қиындықты жеңудің сырына қанығады.
Жиырма жетінше сөзінде Сократ, Аристотель сияқты ежелгі Рим ойшылдарының есімдерін атай отырып, ғұлама Абай өзінің білім мен ғылым жолында талмай еңбектенгенін, сол арқылы туған халқына қызмет етудің үлгісін көрсетеді. Мал жұтайды. Білім мен ғылым жұтамайды. Білім мен ғылымға алғашқы қадам талаптанудан басталады. Өнерлі болуға ұмтылу қажет дегенді тәлім етеді.
ХХІ ғасырда адами капитал басты құндылыққа айналған кезде Абайдың қағидасы заңдылыққа айналды. Ақынның рухани мұрасының өміршеңділігі де осында. Оның кемел ойлары мен асыл сөздері уақыт өткен сайын құндылығы артып, ұлтқа бағдаршам болып келеді.
Сондықтан жастарды Абай ілімімен сусындатып, Абайдың адамдық, адалдық принциптерін үйретуден жалықпаймыз. Мұны қожакенттік жастар іспен көрсетіп жатыр.

Алмагүл РҮСТЕМОВА
Қожакент ауылдық
кітапханасының кітапханашысы
08 сәуір 2020 ж. 597 0