Дала музыкасының маэстрі
Қойнауында шыр етіп дүниеге келіп, көзін тырнап ашқаннанаңқылдаған тау самалын армансыз жұтып, топырағын жалаңаяқ кешіп өскен өрімталдың құйтақандай жүрегіне көк зеңгірді қанша шарласа да қанаты талмас қарлығаш – талант кеп қонақтап, сыйқырлы даланың сыбызғы сырынқара домалақтың қалқан құлағынақұйқылжытып құя беріпті, құя беріпті.
Қардай аппақ мамық мекенді қоныс еткен балапан тілек әкесі бес – алты жасында – ақ ағаштан жонып жасап, қолына ұстатқан қара домбыраның тиегінде тербелетін тәрізді. Өсе келе тұла бойын қан қыздырған әдемі әуезді сыбызғының шегінде, сырнайдың тілінде тамылжытып төгілдіруді меңгерді. Кеудені керген толғаныс саусағын жайып айға алыс, уызына жарып, суатқа қанып, кәсіби тұғырына нық келіп қонған шақта сол салқар әуен музыканың шалқар шыңы – шабытты симфонияға айналып, кең әлемді шарлап кетті.
«Қазақтың халық музыкасы – бұл даланы безендіретінкеремет ән – әуездердің гүл жарып, шешек атуы» деп тебіренген екен француздың ұлы жазушысы Ромен Роллан Брусиловскийдің «Сарыарқа»деп аталатын сюитасын тыңдап отырып.
Осы тұрғыдан келгенде өз топырағымыздан шыққан ақсұңқар талант Төлепберген Әбдірашевжөнінде тереңірек білеміз бе?
Қыркүйек айында өзінің жетпіс жасқа толу құрметіне орай шақырумен елге келген қаламгер, қоғам қайраткері Бақтыбай Айнабековпен арнайы сұхбаттасып, өзімен тел құрдас қана емес, бір топырақта туып, егіз қозыдай тебісіп өскен замандасы туралытереңірек айтып беруін өтінген едік. Қолқамызды қабыл алған қаламгердің жан – жүрегімен ақтарған сыры төмендегіше өрілді.
- Мен туып өскен шағын ғана Бесарық жерінен әрісін айтпаған күнде өз тіршілігімде көзін көрген бірнеше өнер тұлғалары шықты. Солардың бірі әрі бірегейі кеше ғана арамыздан өткен тума талант, атағы әлемге әйгілі дирижер, қыршын жасында-ақ өнер тұлғасына айналған, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Төлепберген Әбдірашев еді. Осыдан қырық жыл бұрын бір ауылдан Алматыға білім іздеп бірге келсек те, күнделікті етене араласудың реті келмепті. Бірақ сырттай тілеулес болып жүрдік қой. Ол мен білгелі үнемі сапар үстінде болды. Жаратылысы ширақ, өте зерек жан болатын.
1977 жылы небәрі 29 жасында қазақ тарихының шежіресіне алтын әріппен қашалып жазылатын Батыс Берлинде өткен дирижерлардың халықаралық «Фонд Герберт фон Кароян» сайысында дипломант атанды. 1979 жылы Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында опера-симфониялық дирижерлеу класы бойынша КСРО халық әртісі, әйгілі профессор Геннадий Рождественскийдің өзінен білім алып, оқуды үздік деген бағамен бітірді. 1982 жылы Вена музыкалық академиясында стажировкадан өтті. 1983 жылдан Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің бас дирижері, 1985 жылдан Абай атындағы мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің бас дирижері, 2006 жылдан Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрінің бас дирижері, 2007жылдан Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің бас дирижері болып қызмет атқарды. Ол өзінің кәсіби шеберлігінің арқасында әлемнің АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Корея, Түркия секілді елдерде басқаруындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің репертуарына әлемдік классикалық музыкамен қатар, қазақстандық композиторлардың да шығармаларын насихаттай білді. үлкен өнерден аяу дегенді білмеді. Оның осы қасиетін терең ұғынып, үлкен ауыртпалықтан алдын ала сақтандыру туралы ешкім ойлай қоймады. Қайта сенім артып, жұмыс үстіне жұмыс қосумен болды. Соның нақтылы көрінісі өмірінің соңғы күні қан қысымытым көтеріліп тұрғанына қарамастан, оркестрмен репетиция жасап, үзіліс кезінде инсульт ұстап, асқан жанкештілікпен өмірден озды.
Осы бірретте ол өнерге деген адал пейілі тұрғысында өлең оқып тұрып жарық дүниеден озып кете барған асыл аға Адырбек екеуінің тағдыры қатты ұқсастығына таң қалам.
Төлепбергеннің бұл жұмысы өзі соңғы 22 жыл көркемдік жетекшісі болған әрі бас дирижері болып жетекшілік етіп жатқан ұжымды Корей еліне алып бару болатын. Өнер тұлғасы үшін бұл оңай шару емес еді. Коллектив құрамы жүз адамға жуық. Мәдениет министрлігімен осыншама коллективтің жол қаржысын шешіп,сапарға дайындау қаншама қажыр-қайратты сарықты. Дегенмен қолға алған қуанышты көзбен көру Төлепбергеннің пешенесіне жазылмапты. Ол дайындаған коллектив дирижерді жер қойнына тапсырғаннан кейін- ақ ертесіне Сеулге ұшып кетті. Мақсат- барған елдерінде өнер көрсетуде оза шауып маэстро әруағы алдында берген антты ақтау еді.
1966 жылыАлматыға оқуға келгеніміздеТөлепбергенмен бірге Бәден Айсынов бауырымыз да қатар оқуға келген болатын. Мен ә дегеннен көзге түскен күйші Бәден туралы «Лениншіл жас»газетіне «Үкілі домбыра»деген тақырыппен көсілдіріп көлемді очерк жазған болатынмын. Төлепберген ол кезде көзге түсе бермейтін. Оның үстіне бәріміз елде ағалар ықпалында өскен ауыл балаларымыз ғой. Исатай деген ағамыз қойшының баласы Төлепбергенді пушкашы арқанмен тартқыштағанда әзер оталатын Беларусь тракторына отырғызып, жонның бидайлық жерін жыртуға жегіп қойған жерінен қашып шығып, оқуға әзер жеткен ғой. Содан да болар, негізгі уақытын білімге аударды. Өз бойына қалыптастырған осы дағды оған өз жемісін беріп, оны профессорлық дәрежеге дейін көтерді.
– Қырдың басында қалған тот басқан Беларусың қашан келер екен деп жолыңды күтіп жүреді, барып қайта мініп қайтатын болдың ғой, – дедім құрдасыма алпыс жылдығы қарсаңында әзілдеп.
– Қайдағыны ұмытпайды екенсің сен де, – деді ол күліп Дегенмен, елмен кездесу деген, елдегі өткен жастық шақты да еске алу емес пе? Өткеннен қалған осындай көрген білгендеріңді ел алдында еске алудың өзі адамды бір жасартып қайтпай ма? Мен елге барғанда алу үшін емес, барымды беру үшін, басыма бақ болып қонған өнерімді көрсету үшін, рақметімді айту үшін барамын, – деген еді ол ағынан жарылып. Айтып тұрғанының бәрі шынайы. Осыдан бір жыл бұрын осы Төлепберген елдегі орта мектепті бітіргеніне қырық жыл толу салтанатына қатынасып, өзі оқыған мектепті өте жақсы бағамен бітірген бір оқушыға жоғары оқу орнын бітіргенше төлеп тұратын өзінің атында стипендия тағайындап, мектеп коллективіне есте жүрерлік ескерткішін тапсырып қайтқанына куәгер болғаным бар-ды.
Біз осыжолы көбірек әңгімелестік. Адамның әңгімесінен оның бүкіл болмыс-бітімі байқалады емес пе? Арада өткен қырық жыл ауыл баласы Төлепберген мен бүгінгі профессор Төлепбергеннің қаншалықты шарықтап өскенін,кесек болып қалыптасқанын көрсетті.
– Шын өнердің иесі әкімді іздемейді, өнерді түсінген әкім өнер иесін іздейді. Мен қазір екі бірдей екі үлкен өнер коллективіне жетекшілік етемін, ол аздай мәдениет министрі Ермұхамед Ертісбаев мырза Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық оркестрі ұжымына да жетекшілік етуімді өтініп отыр, – деп еді ол.
Арда азамат арманына жете алмады. Алпыс жылдығын ол көрмей кетті, – деп сөзін тәмамдаған рухани тілекшісі әрі тете бауырыБақтыбай аға.
Бір көңілге тоқ санарымыз, музыка падишасының жетпіс жылдық мерейтойы оның ұлы Бахтиярдың қатысуымен ЖаңақорғанМәдениет сарайында айшықты аталып өтті.
Өңірімізде бұрын – соңды болмаған жарқын оқиға – бес бірдей облыс симфониялық оркестр құрамы аймағымызда ұйымдастырылған республикалық камералар оркестрінің жалауын көтерді.
Төрт сағат бойы тапжылмай симфониялық әуеннің тамаша әуезіне беріліп, қарапайым тіршіліктің тылсым тұңғиығына тереңдеп, өмір поэзиясын музыка тілімен жеткізген өнер құдыретіне көрермен ғана емес, осындай биік мазмұн салтанат құрған музыканың мөлдір мақамына тұтас тұнжыр көк сілтідей тынды.
Ұлы тұлғалар өзі өмірден өтсе де туған халқына осылайша қызмет ете береді екен.
Достықты, ерлікті, еркіндікті, адамгершілікті ұлықтауға, табиғатты, жалпы адамзатты сүюге тәрбиелейтін асқақмузыка бізге әсіресе әлем ұлы өзгеріс алдында тұрған бүгінгі күні ауадай қажет. Осы жолда Әбдірашев салған даңғыл жолдың даңқыаласармаса екен деген тілектеміз.
Баян ҮСЕЙІНОВА