№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Әйел – тыныштық шырақшысы

Әйел – тыныштық шырақшысы

Қыраш ауылдық округінде өткен «Еңбек әлеміндегі әйел келбеті» атты шарадан қазақ әйелінің қоғамдағы орны мен міндетін таныдық.
Қашаннан қазақ әйелдері елдік­тің тұтқасын ұстап, шаңырақтың шырақшысы бола білді. Ұлы дала ұлағаты бізге осыны дәріптейді. Парсы патшасы Кирдің мысын басқан Тұмар ханым, даналықтың үлгісін көрсеткен Айша бибі, қазақ әжелерінің символына айналған Зере, көмейіне бұлбұл ұялаған Роза Бағланова, батырлықтың жаршысы болған Әлия Молдағұлова мен Маншүк Мәметова және т.б даңқты нәзік жандыларды айтуға болады. Дана да дара, батыл да батыр қазақ әйелдері мемлекеттік мүддеге қызмет етті. Қыраш ауылдық округінің кітапханашысы Гүлжаһан Бейсенова ұйытқы болған шарада осы тақырып түйінделді.
Алғы сөз алған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Аягөз Айдосова:
– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізгі идеясы ұлттық тәрбиенің қайнары саналатын ұлттық сана, салт-дәстүрді жаңғырту бүгінгінің басты талабы. Жастарға осы құндылықтарды дәріптеу арқылы өткенімізді өшірмей, болашаққа жарқын жол салатын боламыз. Осы бастамаларды жүзеге асыруда әйелдердің орны ерекше. Тұрақтылық пен татулықтың негізі әйелдерден басталады. Бүгінгі шараның мақсаты да осында. Мұндай шара Бірлік ауылында өткен болатын. Енді эсафета Қырашқа келді, бұл игі дәстүр қалған ауылдарда да жалғасын табатын болады, – деді. 
Әуелеген әннен кейін әже мен немеренің рөлін сомдаған қойылым әсерлі шықты. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында дала төсінде тер төккен қазақ әйелінің ерен еңбегі бізге өнеге. Ұлы мен жарынан айрылған аналардың табандылығы тарих беттерінде алтын әріппен жазулы. Қыраш ауылында «арбакеш апа» аталып кеткен ананың қилы тағдырын жұрт әлі ұмытқан жоқ. Ұлынан айрылған ананың ерлігін сахналық көрініспен қоя білген оқушылар көрермендер көзіне жас ұялатты.
Кеш барысында ауылдағы үлгі тұтар 20 нәзік жан құрметке бөленді. Оның ішінде қарапайым шаруа адамынан бөлек ғалым да бар. Мәселен, Зият Әбілқызы – профессор. Айткүл Жүсіпова – соғыс жылдарында белсенді еңбек еткен жан. Қатира Әжібекова – ұстаздық саланың ардагері. Сол секілді Бибіш апа, Гүлжан Илясова, Қаншагүл Өтеева, Жәмила Аппазова, Манат Мамбекова және Гүлсара Тантакованың еңбегі елеулі.
– Еңбегімен елеулі әйелдерді бір кешке сыйдыру қиын. Сондықтан ауылдағы бетке тұтар апайларды іріктеп алдық. Шын мәнінде қандай әйел заты болсын ұлықтауға лайық. Бүгінгі шараның өтуіне ұйытқы болған аудандық орталық кітапхана басшысы Әсемкүл Тілеубергеноваға, ауылдық клуб үйі мен №180 мектеп ұжымына ерекше алғыс айтамын, – деді кітапханашы.
Назира Әлібекова, Әлия Бейімбетова, Гүлзада Жамантаева, Бибажар Махамбетова, Айсара Оразбекова, Әлия Сәдірбаева, Шолпан Оспанова және Меруерт Өмірзақова. Бұл жандар ауыл жастары үлгі тұтар қазақ қоғамына қызмет етіп жүрген еңбек адамдары. Кеш соңында аудан әкімінің отбасы және әйелдер ісі жөніндегі кеңесшісі Әзия Қыстаубаева, белгілі кәсіпкер Баян Берженбаева мен Рысжан Төлепбергенова жылы лебізін білдірді.
– Кеш жоғары деңгейде өтті. Буы –отыз жылға жуық – Қыраш тұрғындарының рухани-мәдени серпілуіне қызмет етіп жүрген кітапханашы Гүлжаһанның шынайы еңбегі, – деді аудандық кітапхананың директоры Әсемкүл Манапқызы.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
24 қараша 2019 ж. 631 0