№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ІС БАСЫНДА – ІСКЕР ӘЙЕЛ – Аягөз Айдосованың жолы

ІС БАСЫНДА – ІСКЕР ӘЙЕЛ – Аягөз Айдосованың жолы


Тарих бедеріне көз салсақ, бұл – олардың қанын да бар қасиет. Ертеректе өткен абыз аналардың өмірін өнеге еткен абзал. Сонау қиын-қыстау жаугершілік заманда ері елін қорғаса, аналарымыз бір әулеттің киелі отын сөндірмеуді бәрінен маңыз тұтты. Тек отбасы ошақ-қасында ғана емес, күйбең тіршіліктен бір уақыт бой түзеп, ел бірлігі мен баянды болашағы үшін маңызды мәміленің ұйытқысына айналған. Тамырын Тұмар ханымнан бері тартқан тарихқа көз жүгіртсек, Домалақ ана, Айша бибі, Жаған бегім, Нұрбике ханым, Бопай ханшайым сынды батыр жүректі, абыз саналы аналар ел жадында. Міне, осындай қазақ әйелдерінің отбасындағы білгір саясаткерлігі мен бойына сіңген бекзат болмысы бүгінгі күнге де келіп жетті. Мұның дәлелі ретінде біз ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлесін қосып жүрген әйел басшыларды тақырыпқа арқау етпекпіз.
Ендігі кезекте, ұлт мәдениетінің ұлықталуына өзіндік үлесін қосып жүрген білікті басшы Аягөз Айдосованың еңбегін сөз етсек. Расында қазақ халқының ұлт болып қалыптасуында айрықша рөл атқаратын бай тарихы бар Ұлы Дала елінің бір пұшпағы саналатын Сыр өңірі ұлт мәдениетінің ұлы көшін жасаған өлке. Иә, «Сыр – Алаштың анасы». Бұл – көненің көзі, мәдени мұраның көмбесі Қызылорда жайлы Елбасының берген бағасы. Ақиқатында, өнер – өміршең, мәдениет – мәңгілік. Осындай ауқымды саланың тұтқасын ұстаған, яғни аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Аягөз Нұржанқызы ауданның рухани-мәдени тынысына жаңаша леп әкелді. Бұған дейін аудандық білім бөлімінде, аудандық мәслихат аппаратында абыройлы қызмет етіп, одан әрі аудандық ішкі саясат бөлімін басқарған Аягөз Айдосова қай салада болмасын өзінің іскерлік қолтаңбасын қалдыруда. Іс басындағы әйел басшыдан гендерлік саясат турасындағы пікірін білдік.
– Жалпы мемлекеттік қызметші Президент саясатын жергілікті жерде жүргізуші, халық пен билікті байланыстырушы дәнекер. Ал, әйел баласының саясатта жүргенін өзім қолдаймын. Елбасы: «Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттің өсіп-өркендеуінде әйелдердің қосқан үлесі шексіз» деп айрықша атап өткен болатын. Бүгінгі таңда жаңақорғандық нәзікжандылар мемлекеттік қызмет пен қоғамдық іс те және кәсіпкерлікте толайым табыстарға жетуде. Яғни, қазіргі таңда қоғамның әрбір бөлігіндегі қызметте – көшбасшы, жұмыста – жігерлі жандарсыз елестету мүмкін емес, – дейді Аягөз Нұржанқызы.
07 наурыз 2018 ж. 2 346 0