№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Даңғаза бәсекелестік қайда апарады?

Даңғаза бәсекелестік қайда апарады?


Данышпандар дәлелдегендей, адам өз атын кісілікпен көтереді екен. Бұл — жүздің ішінде  бір жүйрік, мыңның ішінде бір мадақ болатын, адамдар арасында ат төбеліндей жоғары тұрған, ілуді бір асылға ғана берілетін баға дейді олар. Сол сарабдал сөз қазір бізге де өте қажет сияқтанады да тұрады. Өйткені тірі пенде ешқашан бір-бірінен өзін кем көрмейді, жер басып жүргеннің бәрі өз пікірі бойынша  ел алдында  құрметке иемін деп ойлайды. Бәлкім, азды-көпті тер төккен тірлігін санамаққа алып, немесе кімге-дүр көмек көрсеткенін есептейтін шығар. Ал, шын мәнінде мемлекет тапсырмасын орындап, оған тиесілі жалақысын алып, тәтті тіршілік сүргені бұл жерде ұмыт қалып жататыны қалай? Біздің әңгіменің ауаны осыдан басталып тұр.


Осыдан бірер жыл бұрын көшеге ат беру үлкен үрдіске көшті. Құдай ақырын берсін, Сырда саңлақ атаулы самсып тұрғанын сонда білдік. Көшеміз көп деп жүргенде жеткізе алмай дал болдық. Онамастикадағылар енді кім қалды дегендей, көзі де, өзі де жақсының бәрін түгендеп болды. Бұл тоқтағандай еді, енді «құрметті азамат» деген айтулы атаққа кезек көбейді. Несін айтасың, тегін үлестіруден кім қалады, жаппай жарысқа шықты. Мәссаған, мәслихаттардың миын ашытатындай мәселе екен. Алайда жекелеген тұлғалардың ықпалымен, әлдекімдердің айдауымен ол қарсылықсыз шешіліп жатыр. Тағы қандай, «көтерме» саудадай топтап ұратын тіршілік басталды. Осыны көріп отырып басқаның да ойы бұзыла ма деп қорқамын.
Меніңше, бұл атақты берудің белгілі статусы бар емес пе? Жергілікті жерге еңбегі ерекше сіңген, сол елдің көсегесін көгертіп, абыройын асқақтатқан ақиықтарға ғана тән марапат еді ғой. Неге мұны ескермей келеміз? Әлде жақсы көріну үшін керек пе? Елімізге әйгілі өнер, мәдениет, ғылым жолындағы төбелі тұлғаларға ешқандай шүбә келтірмейміз, бұл басқаша әдістің әрекетіне айтылған пікір. Үмітсіз үлестіру осылай жалғаса берсе, ол науқаншылыққа ұласып кетпесіне кім кепіл? Сөзіміз содан секем алғасын шырылдап шығып тұр.
Нұр-Кенже
29 қыркүйек 2019 ж. 578 0