№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 21 мыңның дауы әлі шешілер емес

21 мыңның дауы әлі шешілер емес

Министр атаулы әлеуметтік көмек алып жатқандардың 393 мыңы жұмысқа жарамды екенін айтты   
НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев масылдық пен мұқтаждықты ажырата білуге үндеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, кейбір адамдар үйінде жатып атаулы әлеуметтік көмек ала бергісі келеді. Сөйтіп, өздері  жұмыс істемейді, балаларын да жалқаулыққа үйретеді. Үкіметтің бүгінгі отырысында министр атаулы әлеуметтік көмек алатындардың санын қысқарту қажеттігін жеткізді.
"Асқар Ұзақбайұлы (үкімет басшысы – Sputnik Қазақстан), біздің басты өтінішіміз, ол жөнінде өзіңіздің тапсырмаңыз да бар, өңірлерде әлеуметтік келісімшарттарға қол қойылуы керек. Сол арқылы жұмысқа қабілеті бар азаматтар жұмысқа орналасуы қажет. Сонда біз атаулы әлеуметтік көмек алатындардың санын азайтамыз", - деді Сапарбаев.
Ал отырыстан кейін өткен баспасөз мәслихатында министр "атаулы әлеуметтік көмек алатындардың санын азайтамыз" деген сөзін түсіндірді. Оның айтуынша, аталған көмекті тағайындау шарттары күшейтіледі.
"Сіздер білесіздер, кейбір өңірлерде заңсыз алғандар бар, біріншіден, табысы дұрыс есептелмейді. Екіншіден, жұмысқа орналаспайды. Ал атаулы әлеуметтік көмектің негізгі талабы – әлеуметтік келісімшартқа тұру. Одан кейін соған сәйкес жұмысқа орналасу керек. Сосын құжатты толық тапсырмағандар бар. Кейбір өңірлерде екі рет, үш реттен алғандар бар. Соның есебінен атаулы әлеуметтік көмекті алатындар қысқарады", - деп атап көрсетті Сапарбаев.
Тағы оқыңыз: Сапарбаев көпбалалы аналар "берші, берші" деп сұрай беретінін айтты
Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде атаулы әлеуметтік көмек алып жатқан қазақстандықтардың ішінде 393 мың адам жұмысқа жарамды. Соның ішінде 81 мың адам жұмысқа орналасуға міндетті. Қазіргі кезде осы санаттағы азаматтардың 48 проценті ғана жұмыс істеп жатыр. Бұл – өте төмен көрсеткіш. Сол себепті мемлекеттен көмек алатындар алдымен әлеуметтік келісімшартқа отыруы қажет. Осыдан кейін міндетті түрде жұмысқа тұруы тиіс.
"Егер жұмысқа орналаспаса, онда біз ертең атаулы әлеуметтік көмек беруді тоқтатамыз. Талап сондай, заң солай. Ең негізгі мәселе, біз масылдыққа жол бермеуіміз керек. Мұқтаждық пен масылдықты ажырата білуіміз қажет. Егер олар үйде жатып, 100 мыңнан, я болмаса, 180 мыңнан атаулы әлеуметтік көмек ала беретін болса... олай болмайды. Олардың санын қысқартамыз деп отырғанымыз да содан", -  дейді Сапарбаев.
Министр көп адам жұмыс істемей, үйінде жатып, атаулы әлеуметтік көмек алғысы келетінін айтады.
"Біріншіден, өздері масыл болады. Екіншіден, өсіп келе жатқан балаларын жалқаулыққа үйретеді", -  деп түйіндеді ол.

21 шілде 2019 ж. 2 413 0