Соңғы жаңалықтар

№87 (8901) 15

15 қараша 2025 ж.

№86 (8900) 11

11 қараша 2025 ж.

№85 (8899) 8

08 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » » ҚОҚЫС ТАСТАҒАНДАРДЫ ҚҰРЫҚТАЙЫҚ!

ҚОҚЫС ТАСТАҒАНДАРДЫ ҚҰРЫҚТАЙЫҚ!


Құрметті аудан тұрғындары!
Жаңақорған ауданы– біздің ортақ мекеніміз. Оның көркеюіне, абаттануына, санитарлық тазалығына әрбір тұрғын жауапты.
Әрбір тұрғын өз ауласын, есігінің алдын, үйінің сыртын, тұрғылықты көшесінің аумағын таза ұстап, қоқыс қалдықтарын белгіленген аймаққа шығарып төгулеріңізді сұраймыз!
Аудан тұрғындары ауыл маңына, көше тасаларына, белгіленбеген орындарға бей берекет тұрмыстық қатты қалдықтарды тастау анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 434-2 бабына сәйкес айыппұл салынатындығын назарларыңызға саламыз!
Қазіргі таңда көше қиылыстарына, шет аймақтарға яғни тұрмыстық қалдықтарды тастауы ықтимал аймақтарға бейнекамералар орнатылып, полиция тарапынан қатаң бақылауға алынғанын ескертеміз.
Егер Сіз Жаңақорған кенті аумағында қоқыстардың бей-берекет тасталуына куәгер болсаңыз, құқық бұзушы адамды немесе автокөлікті фото/видеоға түсіріп, +77023078686 (Жаңақорған кенті әкімдігінің жауапты маманы) WhatsApp нөмеріне жолдасаңыздар болады.
Құрметті аудан тұрғындары!
Тазалық баршамызға ортақ екенін естен шығармауларыңызды сұраймыз!
#Жаңақорған
27 наурыз 2025 ж. 2 090 0