Өрт қауіпсіздігін сақтаңыздар.

Тұрғын үй ауласын тазарту жұмыстарын жүргізу барысында қоқыс қалдықтарын бақылаусыз өртемеген абзал. Қоқысты жанғыш заттарға жақын жинамау, ауа-райының желді күндері жағуға тыйым салынады. Аулаға жиналған қоқысты жағу кезінде ғимараттар мен тұрғын үйлерден ара қашықтықты сақтап, аулаға жиналған қоқысты өртемес бұрын жақын және қолжетімді жерге ыдыстарға су құйып қою керек.
Жиналған қоқыс қалдықтарын түрлі сұйық отындардың көмегімен тұтатпай, жанған қоқысты міндетті түрде су шашу арқылы сөнгендігіне көз жеткізген жөн. Қоқыс жағу және өртеу кезінде өрт қауіпсіздігі ереже талаптары бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 336 және 410 баптары бойынша әкімшілік шара көзделгендігін ескертеміз. Төтенше жағдай орын алғанда "101" немесе "112" нөмерлеріне хабарласыңыздар!
Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.